Ванна сарғайса...
- Ваннаны көп жыл қолданғаннан кейін эмалі кетіп, сарғая бастайды. Жаңасын сатып алуға асықпаңыз. Артық шығындалмай, оны бастапқы қалпына келтіруе болады. Ваннаның ішін ацетонмен тазалау керек. Сосын ваннаға аздап ақ нитро бояу құйып, ысқылап мұқият жағыңыз. Эмальдың жарықтары бітелгенше бірнеше рет қайталаңыз. Артық бояу жағылса, еріткішке батырылған матамен сүртіп тастайсыз. Соңғы рет аэрозольді баллондағы нитроэмальді бүркіп, кептірсеңіз, ваннаңыз ағарып шыға келеді.
- Ванна тығыны жақсы жабылмай, су ағып кете берсе, оған күйінбеңіз. Айналасына қалыңдап сабын жақсаңыз, су тоқтайды.
Тұздың пайдасы
- Қол орамалдарды жуудан бұрын бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып, қойыңыз. Жуғанда кірі тез кетеді.
- Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салынған сауыт қойсаңыз, иісі тез арада жоғалып кетеді.
- Сарғайған тюльді алдымен тұзды суға салып, шамалы уақыттан кейін жусаңыз, өңі жақсара түседі.
Суреттер remontino.ru, sea-salt.ru, zelenograd.olx.ru сайттарынан алынған