- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Салт-дәстүр деген не?...
Салт-дәстүр деген не?
Тілдегі сөздер арқылы айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға тілдік тұрғыдан баға беруге, сипаттау арқылы сол халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғаруға болады. Ол тілдік бірліктер сол ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған материалдық және рухани мәдениетінде ғана сақталған. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып қоғамдағы әлеуметтік қатынас түрлерін, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын, тәрбие талаптарының негізін құрап, сонымен бірге қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді. Салт-дәстүрлер – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы. Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлерінен көрінеді. Сонымен бірге салт-дәстүр өзгермейтін нәрсе емес, ол да қоғам дамуына сәйкес көнеріп, жаңарып, жаңғырып, одан әрі дамып отырады. Әдет-ғұрып, дәстүр адамдардың қоғамға, өзін қоршаған әлемге көзқарасына, этикеттік нормаларына әсер етіп отырады. Салт-дәстүр қандай да бір халықтың мәдени даму дәрежесін, өзіндік психикалық ерекшеліктерін көрсететін қасиетіне байланысты оны басқа халықтан айырып танитын белгілерге айналады. «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деген мақал салт-дәстүрдің осындай қасиетіне орай қалыптасса керек.
Авторы: Мөлдір Бекжан
сурет: kazakh.ru
M. Auelkhan