- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Салиқалы әйел ...
Салиқалы әйел
Әйел – ана. бір шаңырақтың отанасы. Ер адамның нағыз еркектік қасиеттерінің болуы әйел адамға байланысты. Негізінде, ер адам үшін асыл жарының көріктілігі, ақылдылығы, сымбаттылығы, табысы маңызды емес. Оның қасында ол өзін қалай сезінеді, сол маңызды. Салиқалы әйел деген кім? Мына бір оқиға сізге салиқалы әйелдің қандай болатынын есіңізге салады. Ендеше, оқыңыз, ой қорытыңыз!
Ертеде бір кісінің үйіне досы қонаққа келіпті. Өзі кедей болса да қонақжай жігіт әйеліне:
— Қонаққа қарбызды әкел, — деп бұйыра сөйлейді. Әйелі барып, «Салқындасын» деп шатыр астына қойған қарбызды ала келеді. Күйеуі:
— Басқасын әкел! Бұл жарамайды, — дейді. Әйел үнсіз барып, басқасын әкеледі. Бұл жағдай бірнеше қайталанады. Бұған таңданған досы:
— Бәрі бірдей ғой, әйеліңді неге әуреге саласың? — деп сұрайды. Сонда үй иесі:
— Негізі, үйде осы жалғыз қарбыздан басқа — ештеңе жоқ. Әйелім күні бойы бір қарбызды әкеліп жүр. Онысы – менің абыройымды түсірмеу, сөзімді екі етпеу! Егер, ақылсыз әйел болғанда сол кезде-ақ, «Осыдан басқа — қарбыз жоқ қой. Неге жұмсай бересің?» дер еді, – деген екен. Әйелінің салиқалығына таңданған досы қатты риза болыпты.
Ж. Жұмағұлов