Әрбір ата-ана өзінің баласын ең мықтылардың, ең ерекшелердің санатына жатқызады. "Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне" деген сөз бекер айтылмаса керек. Бірақ бүгін біз ұсынған тізімнен кейін перзентіңізге деген көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін... Немесе белгіленген рекордтардан асып түсемін деген мақсат пайда болып жатса, таң қалмаңыз.
Лиззи Кларк – "әлемдегі ең нашар бала". Қыздың бала кезінде бүлдіргендерінің барлығын тізіп беру мүмкін емес нәрсе. Дегенмен бірлі-жарымына көз жүгіртіп көруге болады:
- Ата-анасының су жаңа көлігіне "Мені жуындыр" деген жазуды пышақпен қашап жазады;
- Анасының сөмкесінен 5 дана 100 долларлықтарды алып жағып жіберген;
- Билл Клинтонның қызын шақырыңдар деген талаппен Ақ үйге 167 рет телефон соққан;
- Құбыршекті (шланг) алып, ата-анасының жатын бөлмесін жүздеген литр сумен толтырып тастаған;
- Петарданың көмегімен унитазды жарып жіберуден қайтпаған;
- Анасының сүйікті орхидеяларын оттықтың газымен жоқ қылған;
- Иттерінің құйрығын қайшымен кесіп тастаған;
- Екі мысықтың көзін соқыр қылып тынған;
- Атышулы қыздан сұхбат алуға келген журналистің қалатасына өзінің аю ойыншығын салып жіберіп, ұрлықшы деп айыптап, масқарасын шығарған.
Ата-анасы қызымыз әлі кішкентай (8 жасында) болғандықтан, жазалағанымыз дұрыс болмас деп орны толмас қателікке ұрынды.
Лу Хао – Қытайда өмір сүретін "әлемдегі ең семіз" ұл бала. Бала өмірге келгенде, салмағы 2,6 келі болған. Тек бірнеше айлардан кейін күрт толықтай бастайды. Лу үш жасқа толғанда салмағы 60 келіге жеткен. Бала қалаған тамағын әкеліп бермейінше айқайлап, жылап жатып алатын көрінеді. Кішкентай томпақтың ата-анасы есеңгіреп, дәрігер есігін талай қақты. Алайда олар да мұндай жойқын тәбет пен Хаоның артық салмағын түсіндіріп бере алмай отыр.
Джулиано Строе Румыния қаласына тұрады. 8 жасар бала "әлемдегі ең күшті бала" деген атақты иемденіп отыр. Ол 2009 жылы аяғын аспанға көтеріп, еденнен бір қолымен серпілген (отжимание). Дәл осы жылы Гиннестің Рекордтар кітабына еніп, бүкіл әлемді таң қалдырды. Көпшілік баланың әкесіне шамадан тыс қысым көрсетеді, зорлықпен жаттықтырады деген жала жапқанымен, әкесі "балам өзінің шамасы жеткенінше ғана жасайды" дегеннен таймай отыр. Бала басқалар секілді мультфильм көріп, ойын ойнағанды жақсы көреді.
"Әлемнің ең кішкентай бөбегі" 2004 жылдың 19 қыркүйегінде дүниеге келді. Анасы перзентін 26 апталғында босанған. Румаис Рахман есімді шақалақтың бойы 24 сантиметр болса, салмағы 243 грамм (алюминий банкадағы сусыннан да кішкентай) болды. Сенесіз бе, қыз өмірге жалғыз келген жоқ. Оның сыңарының салмағы 570 грамм екен.
Каран Сингх – "әлемдегі ең ұзын бала". Екі жасар баланың бойы 130 см, ал салмағы 42 келіні құрайды. Бөбектің анасының да бойы ұзын келеді (2 м, 20 см). Қазіргі таңда бақытты отбасы Үндістан жерінде өмір сүріп жатыр.
Джейли Лингдо – "әлемдегі ең кәрі бала". Оның жарық дүниеге келгеніне 27 жылдың жүзі болғанымен, дамуы 2 жасар баланы көрсетеді. Салмағы 11 келі болса, бойы 84 см, сондықтан оны "әлемдегі ең кәрі бала" деп атап отыр. Оның жасын анықтауда көмекке келетін тістері ғана. Дәрігерлер балаға өте сирек кездесетін «pan-hypo pituitarism» сырқатына шалдыққан деген диагноз қойып отыр. Бұл кеселдің емі табылмаған.
Оскар Ригли – "әлемдегі ең ақылды бала". Екі жасында баланың IQ-і (интеллект коэффисенті) 160-қа тең болған. Бұл Альберт Эйнштейннің шамасымен тең. Өзінің қатарластарынан 100 есе дамып кеткен бала планетаның ең ақылды адамдарының тізіміне қосылды ( "Менса" Оксфорд клубы).
Суреттер:mail.ru, byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева