Жас сәби 6 айынан бастап сөз бен сөз тіркестерін түсіне бастайды. Тек қайталай алмайды екен. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осындай қорытынды шығарып отыр.
Зерттеу барысында ғалымдар 6 айдан асқан нәрестелерге тәжірибе жұмысын жүргізген. Жас нәрестелі аналарды ерікті тұлға ретінде тәжірибеге шақырып, арнайы тапсырмалар ұсынған. Әр ана баласымен үлкен экран алдына отырғызылып, екі сурет көрсетілген. Бірі – адамның, екіншісі – жеміс-жидек түрінің суреті болған. Жас нәресте анасының айтқан сөздеріне қарай, суреттерге назарын дәл аударып отырған. Назарын айдарып қана қоймай, кейінгі қайталау кезінде сәбилер 10 суреттің тең жартысынан көбін дәл ажырата білген. Нәтижесінде зерттеушілер нәресте 6 айынан бастап музыка мен дауыс ырғағын ғана емес, сөз бен сөз тіркестерін де ажырата бастайды деген қорытындыға келіп отыр.
Сәби 6 айлығында өзіне арналған дауыс ырғағын саралай алады және бірқатар дыбыстарға еліктей бастайтыны осыған дейін де айтылып жүрген еді.