- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ролик айдауды бірге...
Ролик айдауды бірге үйренейік!
Ролик айдау – жылы мезгілде коньки айдаумен бірдей. Бастапқыда оны айдап үйрену қиынға соққанымен, артынша үйреніп кетесіз. Мұнымен қатар үйреніп алған соң велосипедшілермен жарысып ерекше сезімге бөленесіз. Бірақ сенімділік мәселесін де ұмытпаңыз.
1. Роликтің размері сізге сай келетініне көз жеткізіңіз. Ролик аяғыңызға тура болуы тиіс. Жайлылық – табыстың басты ережесі. Ролик таңдайтын кезде мамандардың көмегіне жүгінген жөн.
2. Кілемнің немесе жасыл шөптің үстіне тұрыңыз. Кілемнің үстінде тұрған кезде дөңгелектер жүрмейді. Бұл жердегі мақсатымыз – аяғымызбен өз салмағымызды көтеріп үйрену. Құлап бара жатқан кезде бір нәрседен ұстап қалуға дайын болыңыз.
3. Кілемнің үстінде бір орында тұруды үйреніңіз. Бірнеше қадам жасап, артынша аяғыңызды кезегімен қозғаңыз. Қозғалған сайын денеңіздің салмағын біріншісінен екіншісіне өткізуге тырысыңыз.
4. Уақытыңыз көп болсын. Асықпаңыз. Өзіңізді ақырын жылжып бара жатырмын деп ойламаңыз. Сенімділікті сезініп, жинақталудың да маңызы зор.
5. Дайын болғаныңызды сезген кезде тротуардың бойына шығыңыз. Бетонның үстінде майда ойықтар көп болатындықтан, бірден еркін қозғалу қиынға соғады. Бірақ бұл кілемнің үстінде қозғалыссыз тұрғаннан әлдеқайда жақсы. Ал өзіңізге сенімсіздеу болсаңыз, асфальттың үстіне шығудың қажеті жоқ. Мұнымен қатар басыңыз бен тізеңізді қорғайтын киім киюді ұмытпаңыз.
6. Жылдам немесе ақырын жүру керектігін түсіну үшін эксперимент жасаңыз. Енді бұрылуды үйреніңіз.
7. Құлаған соң орныңыздан тұрып үйреніңіз. Егер артқа құлап бара жатқаныңызды сезсеңіз, тізеңізден ұстап қалуға тырысыңыз.
8. Тоқтауды үйреніңіз. Көлік немесе велосипед қалай тоқтаса, сіз де дәл солай ролигіңізді тежей білуіңіз қажет. Ол үшін бір аяғыңызды алға жіберіп, салмақты өкшеңізге түсіріңіз.
9. Күнде жаттығыңыз. Негізін біліп қана қою жеткіліксіз. Мысалы, бұрылатын кезде қолыңызды көп сермейтіндігіңіз сіздің денеңізді аяғыңызбен бірге бұруды үйренбегендігіңізді көрсетеді. Күніне кем дегенде 30 минут жаттығу жеткілікті.
Ескерту!
- Ситуацияны өз бақылауыңызда ұстай алмасаңыз, көшеге шықпаңыз. Сізді көлік қағып кетуі мүмкін;
- Құлаған кезде денеңіз ауырып қалмайтындай жерді таңдаңыз;
- Әрдайым қорғаныңыз болсын. Сіз бір спорттың маманы болсаңыз да, басыңыздың зақымдануы өмірлік зардабын тигізуі мүмкін.
Олай болса, оқырман, іске сәт дейміз!!!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: wikihow.com
Қ. Бүйенбай