Гүл дүкеніне кірсеңіз, көздің жауын алатын әр түрлі гүл шоғын ұсынады. Көк, күлгін тіпті қара түсті раушан гүлдерін көрген боларсыз. Олардың арасында бетіне жылтырақ себіліп, неше түрлі әдіспен безендірілгендері де бар.
Мына видеодан раушан гүлдерін безендірудің басқаша тәсілін көруге болады. Сізге керегі тек су мен табиғи бояғыштар. Осы нұсқау бойынша жасап көріңіз.