Перзентханаға түскен аналарға керек кеңестер

Перзентханаға түскен аналарға керек кеңестер
Фото: ok.ru

Ана атану − кез келген қыз баланың міндетімен қоса арманы. Аяғы ауыр келіншек осы арманның шын бақыт екенін түсінетін де болар. Олар үшін ең маңыздысы − бала денсаулығы мен күтімі. Ай-күні жақындағанда уайымдап, қобалжу жүкті әйелдерде көп кездеседі. Ал перзентханаға дайындықты алдын-ала жүргізген дұрыс. Назарларыңызға жүкті әйелдерге перзентханаға алып баруға қажетті заттардың тізімін ұсынамыз.

Құжаттар:

1. Айырбастау картасы

2. Жеке куәлік + көшірмесі

3. Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін)

4. Неке туралы куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін)

Анаға:

1. Ұялы телефон, телефонның зарядтау құрылғысы

2. Халат

3. Ішкөйлек - 2 дана (емізуге ыңғайлы)

4. Тәпішке

5. Резеңке тәпішке (душқа түсетін)

6. Емізуге арналған төстартқыш - 2 дана

7. Шұлық

8. Сүлгі

9. Бір реттік жаялықтар төсекке

10. Дәретхана қағазы

11. Иіс сабын

12. Тіс пастасы, щеткасы

13. Тарақ

14. Газдалмаған минералды су

15. Компрессиялық шөлке

Балаға:

1. Жөргек - 10 дана (5жұқа, 5 қалың)

2. Көйлек - 4 дана (2 жұқа, 2 қалың)

3. Жұқа және қалың бас киім

4. Шұлық

5. Қолғап

6. Нәрестелерге арналған жаялық - 2 қорап

7. Нәрестелерге арналған дымқыл майлық сүлгі

8. Балаларға арналған сұйық сабын

9. Жаялықтың астынан жағатын крем/тальк

10. Сүлгі

Н. Үсенова