Қазір күн сәулесін көлегелейтін перденің түрі көп. Тюльден, салқын түсті әдемі маталардан, жалюздерден неше түрлі сәнділерін кезіктіруге болады. Ал бүгінгі біз айтайын деп отырған перденің стилі тіптен бөлек.
Жарық пен ультракүлгін сәулесінің 99%-ын көлегелейтін бұл перде терезеге жабысып тұрады. Сонымен қатар, үй ішіндегі жылулықты бірқалыпты сақтап тұрады. Демек, қысқы уақытта жылу береді, ал жазда салқындатып тұрады екен.
Одан да бөлек ерекшелігі: перденің саңылаулары ретсіз орналаспаған. Олар алып қаланың көрінісін беріп тұрады. Мұндай пердені қолдан жасап, өзіңізге ұнайтын суретпен бедерлесеңіз, тіптен ғажап болары сөзсіз.