Пайдалы кеңестер: Киімді дұрыс тазалау жолдары - 2

Сүйікті киімдеріміз ерте ескіріп қалмау үшін оған арнайы күтім керек. Ақ түсті, жүннен, жібектен тігілген киімдер аса ұқыптылықты талап етеді. Сондықтан назарларыңызға киімді дұрыс тазалау жөнінде кеңестер ұсынамыз:

Басы

1. Кір жуғыш машинада түрлі түсті киім жуатын болсаңыз, суға 2-3 ас қасық тұз қосуға болады. Сонда киімнің түтігі шықпай, түстері ашыла түседі.

2. Синтетикалық матадан жасалған киімдер үнемі арнайы күтімді талап ететіні мәлім. Табиғи матадан тігілген киімге қарағанда оларды жиірек тазалап тұру керек.

3. Көйлекті 5-6 реттен артық киген болсаңыз, жуып, тазалау керек. Киімнің электрленуі шаң-тозаңды жинайды. Ал синтетикалық киімнің бір қасиеті – дененің тершеңдігін бірден өзіне сіңіріп алып, тез кірленуі.

4. Жүн трикотажынан жасалған киімді тазалау кезінде суға 1 ас қасық сода қосып, жууға болады. Ол түсті ашығырақ етіп, тердің иісін жояды. Содан соң киімдерді жақсылап шаю керек.

5. Ақ шұлық, гольфтерді тазарту үшін жуу алдында 1-2 сағатқа 2 ас қасық бор қышқылы қосылған суға салып қойыңыз.

6. Түкті сүлгі мен халаттар мамық қалпында қалуы үшін жуып болған соң, тұзды суға шайып алу керек. Шайғаннан кейін үтіктеуге болмайтынын ұмытпаңыз.

7. Тюль пердесін жуу кезінде кірге арналған нілге кішкене сүт қосып, жууға болады. Сонда пердеңіз ұзақ уақыт су жаңа қалпында болады.

8. Киімді ағарту кезінде суды қайнату барысында 10 л суға 1 ас қасық мүсәтір спиртін қосып, жуу керек.

Сурет: malish-nash.ru

Ұқсас жазбалар:

Пайдалы кеңестер: Киімді дұрыс тазалау жолдары

Үй шаруасына қажет қарапайым қулықтар