- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Пәтерді қалай жалға...
Пәтерді қалай жалға береміз?
Бір қарағанда пәтерді жалға беру, жалға алудан гөрі оңай болып көрінеді. Алайда бұл – қате. Егер үйіңіздің аман-сау болғанын қаласаңыз, төмендегі бірнеше нұсқаулықты оқыңыз.
1. Жақын таныстарыңызды пайдаланыңыз. Өзіңіз танитын адамдар біреудің үйі демей, ұят мәселесін ойлап, барынша жақсы қарайды. Әрі уақытты үнемдейді.
2. Риэлторлық агенттіктердің қызметін байқап көріңіз. Өкінішке орай, бұл қызмет үшін ақша төлеуіңізге тура келеді. Бірақ өз күшіңізді үнемдейсіз. Адам іздеп әуре болмайсыз.
3. Пәтерді дұрыс бағалаңыз. Сіздікіндей пәтерлердің қанша теңгеге жалға беріліп жатқандығын интернеттен қараңыз, көршілеріңізден сұраңыз.
4. Бағаналар мен аялдамаларға компьютермен жазылған хабарландыру іліңіз. Оны үйіңіздің қақпасының сыртына да жабыстырып қойыңыз.
Қ. Бүйенбай