Бүгін – Халықаралық Отбасы күні. Бұл күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын аталады. Осы күнге орай, отбасылық фактілерге тоқталуды жөн көрдік.
- Отбасындағы ері мен әйелі жұмысына, баласына, теледидарға, интернетке, соңыра келгенде жеке қызығушылықтары мен хоббилеріне көп уақыт жұмсайтындықтан, бір-біріне тәулігіне тек 4-ақ минут уақыт бөледі екен.
- Күйеуі мен әйелінің бірі көзіне шөп салған жағдайда 75 пайыз отбасы ажырасып кетеді.
- Италиялық жұп үйлену тойы кезінде шыныаяқ сындырады. Бокал сынықтары қаншаға бөлініп түссе, сонша жыл бірге бақытты ғұмыр кешеді деген сенім бар.
- Адамның білімі оның некелескен жасына тәуелді болады. Білімді адамдар сондықтан да кеш отау құрады.
- Бірінші некеде жұптардың 5 жыл ішінде ажырасып кету қаупі 20 пайызды құрайды, бірақ олар заңды түрде некелеспеген болса бұл қауіп 49 пайызға дейін өседі.
- Үйленген еркек бойдаққа қарағанда толық болып келеді. Егер күйеуі толық болса әйелінің де семіздікке шалдығу қаупі 37 пайызды құрайды.
- 2008 жылы жасалған зерттеу қорытындысы бойынша, бақытты неке тек балалары өсіп, өз алдына отау құрғанда бір-ақ сезіле бастайды-мыс. Ал егер балалары өсіп келе жатқан кезде әйелі мен ері жиі ұрсысатын болса, балалары бөлек шыққан соң жағдай тым қиындап кетеді екен.
- Өздерін бақытты жұп санайтындардың 81 пайызы қарым-қатынастарына ата-енелері араласпайтынын айтқан. Ал 38 пайызды құрайтын бақытсыз жұптардың ісіне ата-енесі араласпайды.
- Сауалнамаға қатысқан жұптардың 60 пайызы да сүйіктілерінің көзіне шөп салғанын мойындаған. Бұл жағдай көбінде 25-39 жас аралықтарында байқалған.
- Барлық қабылдайтын ақпараттың жеті ғана пайызын екінші жұбымыздан естиді екенбіз. Оның 37 пайызын дауыс ырғағынан, ал 55 пайызын іс-әрекеті бойынша қабылдаймыз.
- Егер ер мен әйелдің міндеттері дұрыс қойылып, дәстүрлі түрде ері асыраушы, ал әйелі үй жағдайына жауап беретін болса – бұған еркектердің көңілі тола бермейді. Ал әйелдер осы дәстүрмен өмір сүруді дұрыс көреді.
- 15 жылға созылған зерттеудің қорытындысы бойынша, адам баласы некелескен соң бақытты болу деңгейі жоғарылап кетпейді. Сондықтан да адамның жан дүниесі сырты факторларға байланысты бола бермейді екен.
- Сұралған жұптардың 90 пайызы бірінші бала тапқаннан кейін өз некесіне көңілі толмайтынын айтқан.
- Жұптардың бақытты болуы олардың өз отбасыларында нешінші бала болуына тікелей тәуелді дейді мамандар. Бақытты жұп болуы үшін күйеуі тұңғыш бала болып, ал әйелі кенжесі болуы керек немесе керісінше болса да болады-мыс. Ал отбасында жалғыз бала болғандардың некесі тұрақсыз саналады.
- Көпшілік ұлттардың үйлену салттарындағы сүйісу шарасы ежелгі Рим дәстүрінен тамыр жайған. Ежелгі римдіктер сүйісу арқылы келісімшартқа таңба басуды меңзеген.
- Ежелгі Грекияда (біздің ғасырымыздан бұрын VII ғасыр) бойдақтарды қоғамдық жұмыс орындарына отырғызбаған. Ал Спартада (біздің ғасырымыздан бұрын І ғасыр) үйленбеген, баласы жоқ еркектер көпшіліктің құрметіне ие бола алмаған. Ал ежелгі Римде Август императоры үйленуді міндеттеп, үйленбегендерді жазалау туралы заң шығарған.
- Некеде қалыңдықтың киетін ақ көйлегін оның қалыңдық құрбыларына да кигізетін болған. Осы арқылы қалыңдық ұрлайтындарды алдаған екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: trendyclub.org