Нағыз ер адам үшін бұл өнер әрқашан да маңызды болып саналып келген. Десек те, бұрынырақта пышақ қайрау адамның тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болса, бүгінде көп жігіттеріміз малды қасапшыға сойдырады, ал үй пышағы тек шұжық пен май кесуге арналған құрал ретінде ғана қалып қойды. Аңшы мен суық қару коллекционерлерінің сүйікті құралына айналған пышақты қалай қайрау керек екенінен хабардар етуге мәжбүрміз.
Қазбалай берсек, мұның түрлі ұлттардың түрлі әдіспен жүзеге асыратынын байқаймыз. Бірақ «ата көріп оқ жанған» әрқайсыңыз – қайрақ деп аталатын тасты білерсіз. Бірақ бұл дәстүрлі әдістің ерекше сабырды, сонымен қатар қуатты қол мен шеберлікті талап ететінін ескеруіміз керек. Сондықтан да, пышақты дұрыс қайрау тек тәжірибемен келетінін біліп алайық.
Қайрақ тасты таңдау
Дұрыс қайрақты таңдаған соң оны майлау керек немесе сулау керек те 15-20 минутқа қою дұрыс болмақ. Бұл әдістің пайдасы сонда – қайрақ тастың өте майда тесіктеріне темір ұнтағы кіріп, оны доғалдандырып тастамауы. Егер дәл осы ережені ұстанар болсаңыз қайрағыңыз көпке дейін қызмет көрсетпек.Қайрау
Егер қайрақ екі жақты болса (яғни, екі жағында да қайрауға арналған бет болса), онда бірінші кезекті ірі жүзді жағын пайдаланамыз. Пышақ жүзін дұрыс қайрауда көбінде қайрақ бетіне жатқызылған бұрышы маңызды болмақ. Мәселен, дұрыс қайрау бұрышы бұл – 20 градус болып саналады. Бірақ қариялар мұнда пышақтың жүзі мен түріне, не мақсатта қолданылатынына байланысты болады, сондықтан да әр жағдайда әрқандай әдісі қолданылуы керек дейді.
Қарапайым пышақ – 25-40 градус бұрышта қайралса, кәсіби аспаздар мен әншейінгі ас үйіндегі пышақ 25-30 градус аралығында болуы тиіс. Ал жапон пышақтары тіпті 10-20 градус аралығында қайралады, бұдан шығатын қорытынды – пышақ жүзі қаншалықты аз бұрышта қайралса – оның жүзі соншалықты өткір бола түседі. Ал егер пышақты сатып ала бергіңіз келмесе үлкен градус аралықтарында қайрағаныңыз жөн.
Бастысы – пышақты қайрау кезінде қимылыңыз бірқалыпты болсын, және сабын сәл көтере жасау керек. Сапты бірқалыпты ұстау – пышақ жүзінің қисаймауына сеп болады. Қайрақ тастың жүзіне әрлі-берлі қимылыңыз перпендикуляр бағытта болуы тиіс екенін де ұмытпаңыз.
Қайраққа пышақ жүзін қатты басудың қажеті жоқ, бірақ бұл пышақпен қайрақты сылап-сипау деген сөз емес – осы тұста теңдікті тауып алғаныңыз жөн. Пышақ жүзін қайрау барысында оның бір жағы қайралып болғанын қайралмаған тұсының жүзіне келіп теңескен сәтінде білуге болады. Осыдан кейін жүздің екінші бетіне өтуге болады.
Жетілдіру
Қайрақтың ірі тұсына қайралған пышақты ендігі кезекте майда тісті жағына ауыстыруға болады. Жүзін өткір ету үшін сізге қарапайым қайыс немесе содан жасалған белдік керек болады. Сосын ажарлағыш немесе жылтыратқыш пастаны қайыс теріге жағу қажет. Қайысқа қайрау да кәдуілгі қайрақта қайрағанмен бірдей.Қайрақ орнына не жарайды?
Қайрақ тастың орнына керамикалық ыдыс: табақ немесе шыныаяқ жарайды. Оны төңкеріп, ірі немесе майда жүзі бар екеніне көз жеткізіңіз.
Қазіргі техника жетілдірілген заманда жаңа асхана құралдары қатарында – мусат та бар.
Мусат – сабы бар, ұзына бойы бораздалған темір шыбық. Бұл құрал қайрауға емес, сол пышақтың жүзі қылпылдап тұруына сеп болады. Пышақтың темірі тез желініп кетпеуі үшін осындай аксессуарлар керек-ақ.
Ал егер дала жағдайында пышақ қайрау керек болса табиғи қайрақ тастар тауып алуыңыз қажет болады. Бұл қайраудың ең бір қиын әдісі болып саналады. Сол үшін де білгіш аңшылар көбіне өздерімен бірге кішігірім қайрақ алып жүреді, не болмаса пышақты қынапта сақтайды.
Жүзін байқастайық...
Пышақтың жүзін бірнеше жолмен байқауға болады. Ең бірінші әрі қауіпсіз тексеру – онымен қандай да бір затты кесіп көру болып саналса, бірінші кезекте бір парақ қағазды алып оны кесіп көруге тырысып көріңіз. Тағы бірі – пышақпен жұмсақ жемісті (көкөніс) кесіп көру – қызанақ. Есіңізде болса, жұмсақ көкөністі өтпейтін пышақпен кесу қиынға соғады.
Ал жапондық әдіс өзгеше екен: газеттерді бөлкелеп орайды да, оның екі жақ бөлігін скотчпен бітейді.
Бұдан кейін оны үстелге қойып, пышақпен соққы жасап көру керек. Егер жүзі өткір болса, онда оралған қағаз дәл бамбукке ұқсап, бөлініп түседі.
Бұдан басқа әдісті айтсақ, пышақ жүзінің өткірлігін қолмен ұстап байқап көру арқылы да білуге болады. Бұл қауіпті әдіс арқылы жүздің дұрыс қайралғанын көпті көрген қариялар біледі. Дұрыс қайралмаған жүзді қырағы көз білгір де бақай алады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru