Өсек туралы өнегелі сөздер

Өсек туралы өнегелі сөздер
Фото: Anywalls.com

Өсек туралы да нақыл сөздер бар. Олар адамды жаман сөзден қашық болуға шақырады. 

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз...

Абай

Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет Өтемісұлы

Әзілде кек, өсекте шек жоқ

Мұхтар Әуезов

Өсек – жасанды ақша секілді. Жөні түзу адамдар оны өздері қолдан жасай алмайды, тек басқа адамға беріп отырады

Клэр Люс

Өсек – қонақжайлықтың өтемі

Дон-Аминадо

Өсекші деген – сізге басқа адам туралы айтатын адам, жалықтырып жіберетін жан – сізге өзі туралы айта беретін адам, ғажайып әңгімелесуші – сізге сіз туралы айтатын адам

Лайза Керек

Өсекші – сізге өзіңіз күдіктенген нәрсені жеткізетін адам

Белгісіз автор

Өз құлағыңмен естімеген нәрсені ешқашан қайталап айтпа

Жюль Ренар

Сізге өсек айтқан адам сіз туралы басқа біреуге өсек айтады

Испан нақылы

Ұрғашының жақсысының боз жорғадай бұлғаңы
Ұрғашының жаманының өсек болар құрғаны

Бұқар жырау

М. Оңғарова