Барлығынан бұрын ең дұрысы тазалау жұмысынан бастаңыз. Ескі-құсқы заттарға құмарлық – өткен-кеткен естеліктерге бағынышты екеніңізді білдіріп, алға жылжуды бәсеңдетеді.
Біздің үйіміз – біздің кескініміз. Егер өміріңізге өзгеріс енгізгіңіз келсе, алдымен тұрғылықты орныңызды ауыстырыңыз. Үйіңіз тап-таза қалпын сақтап, үнемі бір тәртіпте болса, сана-сезіміңіз де бір арнаға түсіп, өмір өз толқынын ұстап алады.
Ескі аяқ киіміңізді тәртіпке келтіргеннен кейін, шаш үлгісін, жұмысты, пәтеріңізді өзгертіп көріңіз.
Жалпы қағидаттар
Шешінген судан тайынбас. Бекінген екенсіз, ерінбей еңбек етіп, жасап жатқан амалдарыңыздың өміріңізге қандай өзгеріс алып келетінін, бұл әурешіліктің не үшін керектігін түсінуіңіз қажет.
Есіңізде болсын!
Жаңа нәрсе иемденбей тұрып, ескілерінен құтылыңыз. Зат екі-үш жыл бойы қолданыста жүрмесе, онда болашақта оның ешқандай керегі болмайды. «Бұл затты мен өзімді қанағаттандыру үшін сақтап жүрмін бе немесе оны жай ғана сақтаған дұрыс па?» деген сұраққа жауап іздеңіз. Сіздің естеліктеріңіз – физикалық объект емес. Ескі құмыраны лақтырып жіберу – сыйлаған адамды қадірлемеу деп түсінбеңіз. Егер бір затты лақтыруға жүрексінсеңіз, оны бір жерге бір айға тығып қойып, мерзімі жеткенде пайдаланбаған болсаңыз, қоқысқа тастау керек деп біліңіз.Гардероб
Бастамасын киім мен аяқ киімнен бастаңыз. Ескі дүниелерді керек жағдайға пайдалануға сақтап жүрсеңіз, сол күнді тосу қажет болады. Осылайша сіз кедейшілік философиясын ұстанып, қымбат дүниелерді сатып алу мүмкіндігінен айырыласыз.
Ескірген киім-кешектерді қоқысқа тастаңыз. Әрбір ескі зат орындалмаған жоспар мен арман болып табылады. Шкафта неғұрлым бос орын көп болса, соғұрлым жаңа киімдер көбейе түседі. Гардеробыңызда міндетті түрде сүйікті киімдеріңіз болуы тиіс. Себебі ол киім сізге құйып қойғандай жарасады. Шкафты реттеп, киімдеріңізді түстер бойынша бөлу қажет. Киім-кешегіңізді орындықтың арқасына қалдырмай, кірлеген кезінде уақытылы жуып-шаюға тастаңыз.Бөлме мен жиһаз
Жоспарыңызды орындау кезінде әрдайым бір нәрсе кедергі болып тұратынына көңіл аудармаңыз. Айналаңызға қарасаңыз, күніне мыңдаған керексіз дүние идеяңызға қайшы келіп, кедергі келтіріп отырады.
Алдымен сынған электр құралдарын жөндеп немесе лақтырып жіберу қажет. Керексіз, оқымайтын кітаптарыңыз болса, оны басқа біреуге сыйға оқуға беріңіз. Жөндеуді қажет ететін жиһаздарды кейінге қалдырмаңыз, себебі ол дегеніңіз, үйдің бақыты мен үйлесімдігін кейінге тастау. Диван мен төсектің максимум қолданысы - 10 жыл, ал жастықтыкі – 3 жыл. Сатып алынған жаңа жиһаз сіздің көңіл-күйіңізге әсер етпей қоймайды.Оқи отырыңыз:
Тест: "Сүйікті түсіңіз қандай?"
Өміріңізде жазуыңыз тиіс 5 хат
Өз-өзіңмен сырласу – ең үздік талғам
Бизнесмен болу үшін білу керек 10 нәрсе
Дайындаған: Нұрбол Нұрмахаұлы
Сурет: www.construction-renovation,mebel-v-belarusi.com.www.liter.kz