Эспрессо – бұл өмір. Дәмі ащы, бірақ сергітеді. Бір ұрттағанда дәмсіз көрінуі мүмкін, дегенмен бір шынысын тауысқан соң, үнемі тағы бір шынысын ішкің келеді. А тағы біреуін ішуге көбінесе уақыт бола бермейді.
Капучино – бұл ғашықтық. Алғашында ауыз қуырарлық, содан соң тәтті де жеңіл. Шынтуайтқа келгенде, ол да өмір. Бірақ тәтті де таңдайда қаларлық дәмі – бәрінен керемет шақ. Айтпақшы, оны ішпей-ақ, тек көбігінің дәмін татуға болады. Бірақ бұл ой екінің бірінің басына келе бермейді. Қалай болғанда да, әңгіме үйлесімділікте.
Латте – ол армандар, үміт сүтін қосып эспрессоны сұйылтқан және көпіршіктер қойған, есіңізде болар? Дәл капучинода болатын көбік секілді. Бірақ алдыңғы сезімді сезіну үшін ауыз қуыратын корица қосылмаған.
Тағы бір ыстық шоколад қосылған мокко кофесі бар. Мокко – меланхолия. Қою әрі созылмалы. Бірақ тіпті моккода да үміт сүті бар. Эспрессодан табылмайтын тәттілік те осында. Оны бірден сезінбейсіз, үнемі не себепті осыған тапсырыс беретініңзді де түсінбейсіз. Тәттілігі тілге келген кезде ғана сол сәтті еске түсіресің.
Ристретто – өлім. Бұл бүкіл өмір бір жұтымға татиды. Ішесің де, есепті сұрап, кетіп қаласың. Әдетте осылай.
– Ал махаббат? Шынайы махаббат ше?
– Шынайы махаббат – таңертең үйде өз қолыңмен дайындалған кофе. Жаңа ұнтақталған, мейлінше қолмен езілген. Корица, жұпар жаңғағы, кардамон қосылады. Кофе тасып кетпес үшін жанында тұру қажет, әйтпесе барлық дәмі бұзылады. Үш рет көтерілгенін қадағалау қажет, содан соң туркаға қасықтап су құйып, қоюы сейілгенше бірер минут күту керек. Кофені бұрынғы сүйікті шыныңызға құйып ішкенде әр күн сайын әр жұтымынан рахат сезінесіз.
Макс Фрай, «Кофе кітабы»