Есін білмейтін кішкене балалардың түнде ұйықтауы қиын. Бірі ұйқысы келгенде ыңылдап жылай бастаса, бірі бесікте тербетпесең, бірі ән айтпасаң, бірі емізік сормаса ұйықтамай қоюы мүмкін. Өзінен өзі ұзақ жылап барып, ұйқыға кететін балалар да бар. Түрлі бөжәй, құбыжық, қорқынышты кейіпкерлерді айтқанда ғана қорыққаннан ұйықтайтын балалар жоқ емес. Ал мына видеодағы ана балаларын қорқытып-үркітпейді де, қайдағы жоқты айтып алдамайды да, ұрыспайды да. Есін білмейтін балалар анасының ыңғайына жығылып, бірден өздігімен төсекке барып, оп-оңай жата салады. Егіз балаларын қалай үйретті екен? Қалай ойлайсыздар?