Ол сізге үйленбейді #2

Ол сізге үйленбейді #2
Фото: amur.kz

Махаббат өмір сүрген жерде бейбітшілік орнайды: ұрыс-керіссіз, дау-дамайсыз. Ал ол суи бастаса, бірге болмауға түрлі себеп пайда болады. Мысалы...

БАСЫ

Үй тірлігіне жоқпын

Бұл сылтау емес. Үйренемін деген адам тау да қопарады. Бұл жерде басқа да себеп бар. Мүмкін сіз үйренгіңіз келмейді, сол үшін сізден бас тартқысы келеді. Сонымен бәріне кінәлі сіздің қаламауыңыз. Әр еркек асүйінде ханшайымының жүргенін қалайды. Ата-анасына шай құйып беріп, бабын табатын келін барлығына керек. Сүйгеніңіз үшін, махаббатыңыз үшін жұмыртқа да қуырып үйренгіңіз келмей ме?

Тым ақымақпын

«Оның IQ-і көп, ал мен жаңадан шыққан смартфонның моделін білмеймін». «Ол – данышпан, ал мен қарапайым хомо сапиенспін». «Ол шахматты керемет ойнайды, ал мен «крест және нөл» ойынын да ойнай алмаймын». Әркімнің өз артықшылығы бар. Ғашықтар бір-бірін толықтырып тұруы тиіс. Мүмкін ол көлік жөндей алмайтын болар, мүмкін балға мен шегенің не үшін керек екенін білмейтін шығар.  Ал ол істерді сізге әкеңіз өзімен бірге ала жүріп үйретті. Міне, өз артықшылығыңызды ұмытпаңыз. Оның білмейтінін сіз, сіздің білмейтініңізді ол үйретіп, бірге өсіңіздер.

Әлеуметтік орта

«Оның зәулім үйі бар, ал мен бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрамын» немесе керісінше. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды». Әр адамның өз ырыс-берекесі бар. Екеуіңіз шын сүйіп тұрсаңыздар, сезімдеріңізге ешкім бөгет бола алмайды. Ақша – қолдың кірі. Пендешілік деген ұғымның жетегінде жүрген адам осы кірдің ортасында қалады. Байлық, дәулет, ақша, алтын махаббаттың өлшемі болмайды. Осыны ескеріңіз.

Сонымен, қорыта айтсақ, махаббат – ұлы күш. Екі жүрекке әмірі жүретін билік – тек махаббатта ғана. Жоғарыда айтылған мысалдар өмірде жиі ұшырасады. Сезім суыса, осындай сылтаулар пайда болады. Егер махаббат берік болса, алып шықпайтын қамал болмайды.

Г. Берік