Қай жерді қарасаңыз да, күйеуіне мотивация іздеп жүрген әйелдер. "Еріңізді қалай жігерлендіруге болады?" деген сынды мақалалар да көп, ал неге "Әйеліңізді қалай жігерлендіруге болады?" деген жазба жоқ?
Қалай болғанда да күйеуіңізге қалай мотивация беруге болатынын білгіңіз келе ме? Ғасырлық құпияны ашайық: Ешқандай! Мотив (түрткі) деп отырғанымыздың өзі адамның ішкі бұлқынысы. Ол сіздің емес, өзінің жеке қалауы. Жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ішкі қозғалыс салдары.
Ал сырттан келген (сүйген әйелі берген талпыныс) қалау ол мотив емес. Бұл – стимул, яғни ынталандыру. Адамға қандай да бір нәтижеге жету үшін іштей әсер ету.
"Стимул" сөзі қайдан шыққан білесіз бе? Ертеде жануарларды айдайтын үшкір таяқты осылай атаған. Нақтырақ айтсақ – есекті қуатын таяқ. Енді елестетіңізші, күйеуіне шын жүректен мотивация сыйлағысы келіп (негізінде стимул болып) жүрген әйелдің күйеуі тезірек жүруін қалап "шүу-шүулеп" жүрген есекке ұқсайды.
Егер жұптың екеуі де осыған лайық болса, онда тұрған не бар деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда өз азаматына ересек, ақыл тоқтатқан, жауапкершілігі бар, ақылды адам ретінде қарайтын әйел дана боп шығады. Мүмкін, осы сеніміңіз оның ішкі қалауын қозғап, мотивация болар.
Ал еркектің ішінде өзінің шынайы қалауы оянды екен, міне, осындайда рөл әйелге беріледі. Ары қарай істі алып кету емес, ерін мақтап, қолдап, оған сенім арту. Жарыңызға бір сәт есекке емес, адамға қарағандай қарап көріңіз, сонда оның бойында бар іске деген құлышыныс арта түседі.