Қазіргі таңда әркімнің тағам жөніндегі талғамдары мен көзқарастары әр түрлі. Алайда қазақ дастарханын нансыз елестету қиын. Халқымыз ерекше құрметтеген нан күнделікті тағамымыздың ажырамас бөлігі болып қала бермек. Көбіміз нанды дүкеннен алып үйренгенбіз. Бірақ үйдің қытырлаған жұмсақ нанына не жетсін? Асхана құралдарының ешқайсысынан қалыспайтын нан пісіргіш сізге нағыз үй нанын пісіруге көмектеседі.
Қалай жұмыс істейді?
Ең алдымен қамыр құрамына кіретін құрамдас бөліктер араластырылады да, оған түрлі қосапалар: жаңғақ немесе бояғыштар қосылады. Содан соң, қамыр ашып көтеріледі. Кейін ол илене бастайды – қамыр бір уақытта түйіршіксіз араласып, көмірқышқыл газымен байытылады. Содан қамыр пісіруге дайын болады.
Негізі, барлық нан пісіргіштерді нан қабықшақтарын қуыратындай не қамырды жылдам не ақырын араластыратындай етіп жөндеп қоюға әбден болады, ал егер жылдам пісіретін функциясын таңдасаңыз, онда нан тез уақытта тығыз болып піседі.
Сатылымда нан пісіргіштің түр-түрі кездеседі. Мысалы, пасхалы түрде собалақ (биік дөңгелек тәтті нан), кекс пісіретін пеш. Әрі күрішпен, жүгерімен, ақ жүгерімен және қара бидай ұнымен де пісіруге болатын нан пісіргіштер бар.
Нан пісіргіштің кұрылысы
Тұрмыстық нан пісіргіш төрт негізгі бөліктен тұрады. Наубайшылық камерасы – нан пісетін жеке құрылғы. Одан соң айналмалы механизм, қамыр араластырушы, жалғағыш муфта және жылытқыш элементтен тұрады. Бұрайтын механизм екінші бөлікке қосылады да, бірден қамырға арналған арнайы қалыпты формаға түседі.
Термодинамикалық құрылғы температура режимін бақылап тұрады. Ол жеңіл басқару үшін сыртқы панельдегі батырмалармен байлыныстырылған. Сондықтан нанның пісу температурасын қадағалап, өзгертсеңіз болады.
Қалай таңдаймын?
Нан пісіргіштің түрін таңдау барысында оның барлық аспаптары мен мүмкіндіктерін, сонымен қатар, өлшемін мұқият қарап алғаныңыз жөн. Бәрі де сіздің нан пісіргішті қалай және қанша пайдаланатыныңызға, сонымен қатар, ол асханада қанша орын алып тұратынын қалайтындығыңызға байланысты. Сатылымда нан пісіргіштердің кішігірім ас үйлеріне арналған да түрлері бар. Күші жағынан бұл құрылғылардың түрлері бар, бірақ жәй диапазондағылары 450-850 ВТ-ты көрсетеді.
Және нан пісіргішті сатып аларда, қай мөлшерде нан пісіретініңізді ойлап алыңыз. Егер сізге көп құрылғылы нан пісіргіш керек емес болса, өзіңізге шағындауын таңдағаныңыз дұрыс.