Мұздан жасалған ваза ұзаққа шыдамаса да, өте әдемі көрінеді. Мұндай әдемілікпен кез келген кештің сәнін кіргізуге болады. Мүмкін Жаңа жылда балмұздақты мұздан жасалған ыдысқа салып бергіңіз келетін шығар...
Оны жасау үшін бізге диаметрі екі түрлі шыныаяқ қажет. Ал жасалуы төмендегідей жүзеге асады:
1. Диаметрі үлкен шыныаяқ ішіне раушан гүл жапырақшалары сынды сәндейтін элементтерді саламыз. Қиялыңызға барынша ерік беріңіз.
2. Жоғарыдағы шыныаяқ ішіне кішісін орналастырамыз.
3. Екі шыныаяқтың арасына суық су құямыз.
4. Үстіндегі шыныаяқ жылжымас үшін жабысқақ таспаның көмегімен жақсылап ұстатып, тоңазытқышқа қоямыз.
Арада біраз уақыт өткен соң мұздан жасалған вазамыз дайын болады. Оны қандай мақсатта пайдаланатыныңыз өз еркіңізде.
Егер жасап көрген болсаңыз, нәтижесі туралы массагеттік достарыңызбен бөлісе отырыңыз!
Сурет: liveinternet.ru