Мінсіз жұп қандай болады?

Бақытты жұптың бір көңілсіз сәті бес бірдей қуанышты сәтпен алмасады. Ал бақытсыз жұптың бұл көрсеткіші 1:0,8-ге тең. Нағыз жұптың 70% қарым-қатынасы олардың достығына байланысты екен. Бұл дегеніңіз сүйіктіңізбен қаншалықты дос сияқты аралассаңыз – соншалықты бақытты боласыз дегенді білдіреді. Бақытты жұптың тағы бір ерекшелігі – олар бір-бірімен көбірек сөйлеседі. Бір аптада олар бір-бірімен 5 сағаттан кем сөйлеспейді екен.  

Олардың ерекшеліктері:

Олар жаңа іс бастаудан қорықпайды. Сәттілік іздейді. Қандай да бір себеп болса – олар бір-бірін құттықтайды. Қуанышты да, қайғыны да бірге көтереді. Қандай да бір қуаныш болса нағыз жұп бір-бірі үшін аптасына үш рет шын жүректен қуана білсе, олар көп жағдайда өздерін бақытты сезінеді. Жұп бір-бірі үшін уайымдайтын болса, бір-бірін қаттырақ жақсы көре түседі екен. «Микелянджело эффекті». Үздік жұп бір-бірінің жақсы қырларын айтып, уақыт өткен сайын ізгі қасиетте жинайды. Олар бір-біріне өз идеалдарына жақындауға көмектеседі. «Қуанышты сәттеріңіз туралы айтып беріңізші» деген сұраққа әрқашан да жауабыңыз дайын тұрсын.

Қалай ұрысасыздар?

Бақытты жұп ұрысып қалған кезде олар бір-бірінің ашуын басуға тырысады:

Олар әзілдеуге тырысады. Махаббаттарын көрсетеді. Жеңіле біледі.

Бақытсыз жұп ұрысқан кезде:

Бір-бірін сынайды. Қаншалықты жеккөргенін айтысады. Жеккөрінішті кейіп танытады. Қорғанады. Мәдениетсіз сөздер айтысады. Екінші жартысының пікірімен санаспайды.

20 жыл бойы жүргізілген британдық зерттеудің нәтижесінде бақытты отбасы:

Үйленгендеріне 5 немесе одан аз өткен; Балалары бар; Екеуінің де жоғары білімі болады; Жұмысты ері істейді.

Бақыттың шарықтау шегі отасқан соң 2 жыл өткенде болады екен, ал кейін үйленбеген кездегідей бола түседі.

Бақытты отбасының бағасын ақшалай есептегенде оны – 105,000$-ға теңеуге болады екен. Ал айырылысуды ақшалай есептегенде – 308,780$-ға теңеледі екен.  

Бақытты отбасының үйленгендегі себебі:

Махаббатпен – 93% Өмірлік жағдаяттар – 87% Келісілген жұп – 81% Бала табуды қалау – 50% Қаржылық тұрақтылық – 31%

Бақытты жұп боламыз деушілерге таптырмас ақыл-кеңестер:

Бірге қыдырып, серуендеңіздер. Барып көрмеген мейрамханалардан ас ішіңіздер. Ешқашан болмаған жерлерге барыңыздар. Бірге ас әзірлеңіздер. Концерттерге барып тұрыңыздар. Бір-біріңізге жақсы сөздер айтыңыз. Мақтау сөз айтыңыз. Кішкентай болса да қуаныш сыйлайтын сыйлық жасаңыз. Қуанышты естеліктер мен күлкілі сәттер туралы айтыңыз. Сүйіктіңізге жақсылық жасаңыз.

 

P.S. Бақытты болыңыздар!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет:  lifehacker.ru