- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Мінсіз жұп қандай...
Мінсіз жұп қандай болады?
Бақытты жұптың бір көңілсіз сәті бес бірдей қуанышты сәтпен алмасады. Ал бақытсыз жұптың бұл көрсеткіші 1:0,8-ге тең. Нағыз жұптың 70% қарым-қатынасы олардың достығына байланысты екен. Бұл дегеніңіз сүйіктіңізбен қаншалықты дос сияқты аралассаңыз – соншалықты бақытты боласыз дегенді білдіреді. Бақытты жұптың тағы бір ерекшелігі – олар бір-бірімен көбірек сөйлеседі. Бір аптада олар бір-бірімен 5 сағаттан кем сөйлеспейді екен.
Олардың ерекшеліктері:
- Олар жаңа іс бастаудан қорықпайды.
- Сәттілік іздейді.
- Қандай да бір себеп болса – олар бір-бірін құттықтайды.
- Қуанышты да, қайғыны да бірге көтереді.
- Қандай да бір қуаныш болса нағыз жұп бір-бірі үшін аптасына үш рет шын жүректен қуана білсе, олар көп жағдайда өздерін бақытты сезінеді.
- Жұп бір-бірі үшін уайымдайтын болса, бір-бірін қаттырақ жақсы көре түседі екен.
- «Микелянджело эффекті». Үздік жұп бір-бірінің жақсы қырларын айтып, уақыт өткен сайын ізгі қасиетте жинайды. Олар бір-біріне өз идеалдарына жақындауға көмектеседі.
- «Қуанышты сәттеріңіз туралы айтып беріңізші» деген сұраққа әрқашан да жауабыңыз дайын тұрсын.
Қалай ұрысасыздар?
Бақытты жұп ұрысып қалған кезде олар бір-бірінің ашуын басуға тырысады:
- Олар әзілдеуге тырысады.
- Махаббаттарын көрсетеді.
- Жеңіле біледі.
Бақытсыз жұп ұрысқан кезде:
- Бір-бірін сынайды.
- Қаншалықты жеккөргенін айтысады.
- Жеккөрінішті кейіп танытады.
- Қорғанады.
- Мәдениетсіз сөздер айтысады.
- Екінші жартысының пікірімен санаспайды.
20 жыл бойы жүргізілген британдық зерттеудің нәтижесінде бақытты отбасы:
- Үйленгендеріне 5 немесе одан аз өткен;
- Балалары бар;
- Екеуінің де жоғары білімі болады;
- Жұмысты ері істейді.
Бақыттың шарықтау шегі отасқан соң 2 жыл өткенде болады екен, ал кейін үйленбеген кездегідей бола түседі.
Бақытты отбасының бағасын ақшалай есептегенде оны – 105,000$-ға теңеуге болады екен. Ал айырылысуды ақшалай есептегенде – 308,780$-ға теңеледі екен.
Бақытты отбасының үйленгендегі себебі:
- Махаббатпен – 93%
- Өмірлік жағдаяттар – 87%
- Келісілген жұп – 81%
- Бала табуды қалау – 50%
- Қаржылық тұрақтылық – 31%
Бақытты жұп боламыз деушілерге таптырмас ақыл-кеңестер:
- Бірге қыдырып, серуендеңіздер.
- Барып көрмеген мейрамханалардан ас ішіңіздер.
- Ешқашан болмаған жерлерге барыңыздар.
- Бірге ас әзірлеңіздер.
- Концерттерге барып тұрыңыздар.
- Бір-біріңізге жақсы сөздер айтыңыз.
- Мақтау сөз айтыңыз.
- Кішкентай болса да қуаныш сыйлайтын сыйлық жасаңыз.
- Қуанышты естеліктер мен күлкілі сәттер туралы айтыңыз.
- Сүйіктіңізге жақсылық жасаңыз.
P.S. Бақытты болыңыздар!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lifehacker.ru
А. Құлтай