– Таңертеңмен үйге келдім. Кіреберіске көршілердің бірі хабарлама іліп қойыпты. «Құрметті көршілер, бүгін сағат 9:20 шамасында 500 теңгемді жоғалтып алдым. Егер тауып алсаңыздар, 76-пәтерге әкеліп беріңіздерші. Өйткені, ол пәтердің тұрғынының зейнетақысы небәрі 20000 теңге». Қалтамдағы 500 теңгемді алып, жоғары қабатқа көтеріліп 76-пәтердің есігін қақтым. Есікті ашқан әжей менің ұсынған ақшаны көріп, көзіңе жас алып жіберді. «Ұн алуға дүкенге шыққам. Кілтті аламын деп түсіріп алсам керек», – деді әже. БІРАҚ! Мен ұсынаған ақшаны алмады. Өйткені, бүгін ақшаны тауып алғандардың «алтыншысы» екенмін.
– Тез тамақтану орталығында жұмыс жасаймын. Бүгін кафемізге бір адам келді. Кассада тұрып: «Мен артымда тұрған қызды танымаймын. Бірақ, оның кофесінің ақысын мен төлесем деп едім. Мүмкін болса оған «Күніңіз сәтті өтсін» деген тілегімді жолдаңызшы»,– деген өтінішін білдірді. Қыз алғашқыда қатты таңқалды... Сосын қыз да дәл солай жасады. Осылайша алдыңғы адам өзінен кейінгі адамның кофесі үшін ақша төледі. Күні бойы...
– Бүгін дүниеден ерте кеткен жарымның ұялы телефонын тауып алдым. Қуат көзіне қосып, іске жарап тұрғанын аңғардым. Телефонды ақтарып отырып қызымның өз өміріндегі маңызды оқиғаларды хабарлама ретінде жолдайтынын білдім...
– Бір күні көшеде қолына 1 түйір шегіргүлін(фиалка) ұстап, сатып жүрген әжені байқадым. Аядым ба кім білсін, ол сұрағаннан 10 есе көп ақша төлеп сатып алдым. Әжей болса қуанышпен қоштасып қала берді. Ертеңіне шегіргүл гүл жарды.
– Бүгінде дүкенде маған кішкентай қыз келіп, оны жоғары көтеруімді сұрады. Мен болсам адасып кеткен шығар деген оймен оны көтеріп алдым. Ол болса қатты құшақтады да, қолымнан ытқып түсті. Менің түсінбегенімді аңғарып: – Сіздің жимығаныңызды қаладым,–деді. Мен сол күні өзімді бақытты сезіндім.
Бұл оқиғаларды оқи отырып не сезіндіңіз? Әлемде мейірім бар дегенге бір уақыт сенгіңіз келді ме?Күнде еститін зорлық-зомбылықтан бөлек мына әлемде мейірім атты ұғым бар. Сіз сеніңіз! Бастысы, сіз айналаңызға мейіріммен қараңыз. Мына ғалам сонда ғана сізге де бар шапағын төгетін болады.