Мектеп алдында баланың иммунитетін қалай көтереміз?

Мектеп алдында баланың иммунитетін қалай көтереміз?
Фото: create.vista.com

Оқу жылының басталуымен бірге балалардың жиі тұмауратуы да басталады. Оның алдын алу үшін мектеп алдында бала иммунитетін көтерудің 5 қарапайым әдісін ұсынамыз.

Жүйелі түрде жаттығу

Иммунологтар баланы күнде таңертең жеңіл жаттығу жасауға үйретуге кеңес береді. Таза ауада жаттықсаңыздар, тіпті, жақсы. Бастысы — бала одан рахат алуы керек.

Өсімдік препараттары

Жаздың соңы да табиғи сыйларға бай: шөптер, жемістер, көкөністер. Олар синтетикалық қосымшаларға қарағанда пайдалы және қауіпсіз. Ағзаның бактериялар мен вирустарға төзімділігін арттыруға қызылкүрең (эхинацея) тұнбасы, түймедақ шайы, итмұрын компоты көмектеседі.

Шынығу

Шынығу — баланы тұмаудан қорғаудың ең қарапайым және сенімді әдісі. Жаймеңдеп таңертең жүгіруден және әдеттегіден шамалы төмен температурадағы суға түсуден бастауға болады. Осылайша, ағзаны суық мерзімге біртіндеп дайындауға болады.

Мәзірді түрлендіру

Рационға көбірек ақуыздар мен күрделі көмірсулар, минералдар мен С дәруменін қосу қажет. Мысалы: ет, балық, жаңа піскен көкөністер мен шөптерден салат, ботқалардан жасалған гарнирлер.

Ұйқы режимін сақтау

Ұйықтар алдында мультфильм қарау бала ағзасына пайдалы емес. Ұйқы режимінің сақталмауы баланың иммунитетін әлсіретіп жібере алады. Сондай-ақ баланың ұйқысы жиі қанбаса, иммунды жасушалар әлсірей бастайды.

А. Жапатова