Massaget.kz порталы тоқыма тоқу өнерін үйрететін сабақ бастаған болатын. Бастаманың ізімен төртінші сабағымызды ұсынғалы отырмыз. Тоқымаға арналған жіп пен 4-нөмірлі ілмек көмегімен екі қатарлы шеңбер тоқуды үйретеміз. Жерге төсейтін кішкентай кілемшелерге арналған әдемі тоқуды үйренсеңіз, мейрамдарда жақындарыңызға өз қолыңыздан сый тарта аласыз. Бұл тоқыманы үшінші сабақта өткен әдіспен тоқимыз.