- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Масаны қуудың қарапайым...
Масаны қуудың қарапайым әдісі
Жазда еліміздің біраз аймағындағы адамдардың мазасын маса алады. Ендеше, үй ішіндегі масаны қуудың қарапайым әдістерін оқып көріңіз.
1. Үй іші салқын болса маса жоламайды немесе үй қабырғасына жалбыз нілін жағып қойса маса үйге кірмейді;
2. Еденге немесе жастыққа иіссу сеуіп қойса маса жоламайды;
3. Нафталинді ұнтақтап үйдің іргесіне, бұрыш-бұрышына сеуіп қойса маса үйге жоламайды;
4. Үйдегі гүл тұғырына бірнеше түп қызанақ отырғызып қойса маса жоламайды;
5. Шырақтың түбіне жұпар жуа қойып қойса немесе дәкіге бір кертпек сарымсақ орап шырақтың түбіне қойса жарыққа үймелейтін әртүрлі шыбын-шіркейді қуады;
6. Қызғылт сары жылтыр қағазбен немесе қызғылт сары торғынмен лампаны орап қойса немесе қаптап қойса маса атаулы қызғылт сары түстен өлердей қорқады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: wikipedia.org
M. Auelkhan