- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Махаббатыңыз мәңгілік болсын...
Махаббатыңыз мәңгілік болсын десеңіз...
Қолда бардың қадірін білмеу сынды сөздер таныс болар. Расымен де, басымызға қонған бақыт құсын қаншалықты аялай білеміз? Оның құнын түсіну үшін міндетті түрде алысқа ұшыруымыз керек пе? Кезекті материалымызда психолог мамандар айтқан мәңгілік махаббаттың құпиясын ұсынамыз.
1. Сезіміңізді білдіруден жалықпаңыз
Қол ұстасып талай өткелді бірге өтсеңіздер де, танысқандарыңызға бірнеше ай ғана болса да, әрдайым сүйіктіңізді қуанта біліңіз. Махаббат жалқаулықты сүймейді.
2. Күн сайын ғашық болыңыз
Кез келген адам ғашық болған соң өзгереді. Сол секілді сіз де өзіңіздің кім екеніңізді ұмытасыз. Әлі де талай өзгересіз. Қарым-қатынастарыңыз үйреншікті қалыпқа енеді. Бірақ қандай жағдай болмасын, бір-бірлеріңізді қуантуды ұмытпаңыздар.
3. Тек жақсы қасиеттерін көруге тырысыңыз
Кемшілік хан қызында да болады. Оларға мүлдем назар аудармауға тырысыңыз. Сүйіктіңіздің қателіктерін бетіне баспаңыз.
4. Оны өзгертуге тырыспаңыз
Сүйіктіңізден еш нәрсе талап етпеңіз. Оны осы қалпында қабылдаңыз.
5. Эмоцияларыңызды тізгіндей біліңіз
Сүйіктіңіз сізді бақытты етуге міндетті емес. Кейде бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін. Әрдайым жақсылыққа сеніп, тек жақсы істер туралы ғана ойлауға тырысыңыз.
6. Өзім ренжулімін деп өзгені айыптамаңыз
Жан дүниеңіздің көңіл күйі өзіңізге ғана тиесілі. Бар ашуыңызды сүйген адамыңыздан алудың қажеті жоқ.
7. Ақымақ болып көрінуден қорықпаңыз
Орнымен күліп, қалжыңдай біліңіз. Барлығын жүрекке жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Ғашыңызды күлдіріңіз.
8. Демеу болыңыз
Ханшайымыңыз ренжісе, қатты құшақтап, оның жалғыз емес екенін ұғындырыңыз. Әйел адамның ашуы шай орамал кепкенше ғана. Дауыл тұрғандай қатты болғанымен, артынша тез сейіледі. Бұл үшін дауылға қарсы тұра білетін сенімді адам болуы керек. Ханзадаңыздың көңіл күйі болмаса, оның мойнына асылып, сұрақтың астына алуға асықпаңыз. Жалғыз қалғысы келсе немесе сіздің жанында болғанын қаласа, мұны міндетті түрде ұғындырады.
9. Ойыңызды жасырмаңыз
Әдетте бір нәрсені айтсам, көңіліне күдік ұялатамын ба деп қорқамыз. Керісінше әрдайым бар ойыңызды ашып айтуға тырысыңыз. Тек жақсы қасиеттеріңізді емес, жаман қасиеттеріңізді де көрсете біліңіздер.
10. Кешіре біліңіз
Қателік сіздікі ме, сүйіктіңіздікі ме маңызды емес. Ол құдды зәкір секілді. Алға нық қадам басқыңыз келген сайын, кедергі жасайды. Ал мұның сізге қажеті қанша?
11. Әрдайым махаббатты таңдаңыз
Адамды адам ететін асыл сезімдер ғана. Кейін 90, 100 жасқа келген кезде бақытты болғыңыз келсе, махаббатты таңдаңыз. Бос өткізген ғұмырдан, махаббатқа толы бір күні артық.
Қ. Бүйенбай