Махаббатсыз дүние бос (Жігіт күнделігінен) #4

Махаббатсыз дүние бос (Жігіт күнделігінен) #4
Фото: Тимур Өтешбеков

Басы

«Сенің екі құрбыңды көрдім. Сен жайлы сұрағаным сол еді, сұп-сұр боп, бозарып кетті. Сөйтіп маған сенің аурухана төсегінде ажалмен арпалысып жан тәсілім еткеніңді естіртті. Ғашық жүрегің әрдайым мені аңсаумен өткен екен. Оларға қоңырау шалып, менің жайымды сұраумен болыпсың. Осыны естігенде майшамдай жанып тұрған үмітімді біреу келіп үрлеп сөндіргендей болды. Сенер сенбесімді білмедім... Қалайша? Сонда, енді менің Еркеназым бұл дүниеде жоқ болғаны ма? Неге мені тастап кетті? Мен енді қалай өмір сүремін, сенсіз...»

15.12.2007 жыл

«Күнделігіме сырлар жазбағалы көп айдың жүзі болыпты. Еркеназдан айырылғалы тірі өліктей болдым. Сөйтіп жүріп қыстың үш айын өткіздім. Көктем де келіп жетті. Сен бұл жаймашуақ күндерді көргеніңде ғой... шіркін! Мен енді бұл қалада қала алмаймын. Қаланың әр көшесі, тау-тасы, тіпті ауасы да сені есіме салып тұрады. Мен бүгін алыс қалаға көшіп барам. Сенің айтқан өтінішіңді орындауға тырысамын. Енді мен де бақытты боламын... Сау бол, Еркем...»

1.03.2008 жыл

Міне, осымен бір жұптың махаббат хикаясы аяқталды. Сезімін, сырын қағазға түсіріп жүрген жігіт сүйгені қаза болған соң мұны жаза алмады. Әрине, қайғы, мұңды айту да, жазу да ауыр тиеді. Ауру, сырқат талай ғашықтардың көз жасына қалып, сүйіктісінен айырған. Бұл хикая кез келген адамның денесін түршіктіріп, ойландыратыны сөзсіз. Ғашық жандар, ертеңгі күні не болатыны бізге беймәлім, сондықтан әр сәтті бағалай біліңіздер.

Ф. Абилова