Махаббат – адамға уақытты ұмыттырады, уақыт та адамға махаббатты ұмыттырады. Жалғызсырау туыла салғаннан пайда болмаған, қайта біреуді сүйген кезіңнен басталады. Адам өміріндегі барлық істе бодау беруге тура келеді. Көңілді, шат өмірдің бодауы – азам. Бастала салған кезде-ақ, істің ақыры болатынын бәріміз білеміз. Махаббат барлығына қарсы тұра алмайды. Ол кейде өте дәрменсіз. Махаббат адам өміріндегі өкініштердің орынын толтыра алмайды. Қайта көптеген өкініштерді өмірге әкеледі. Махаббат – әдемі жымиыс арқылы у ішкізетін шарап. Біреуді сүйген кезде бізде аздап қорқыныш пайда болады. Оған қол жеткізуден қорқамыз, әрі, айырылып қалудан да қорқамыз. Кездесуге мүмкін болмағанда олар бірін-бірі сағынады. Ал, кездесуге мүмкіндік болғанда олар бірін-бірі азаптайды. Алғашқы махаббат саған екі рет азап арқалата алмайды. Мейлі ол сенің жүрегіңді қаншалық жараласын, барлығы да сенің бірінші рет жараланғаныңдай ауырмайды. Махаббатқа нүкте қоюдың қажеті жоқ. Ол өз-өзіне нүкте қояды. Неге біреуді ұмыту үшін соншалықты қиналамыз? Уақыт өзі-ақ ұмыттырады. Егер уақыт ұмытуға тиіс емес адамды ұмыттыра алмаса, біздің өткен сонау кездеріміздің бодауы қайда кетпек? Біреудің маңдайына күту жазылған, ал енді біреулердің маңдайына басқалар жағынан күтілу жазылған. Мен сені сүйемін – сенің бақытың үшін мен бәрінен кешуге бармын. Ол – сені де қамтиды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: pixnet.net