- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Махаббат мәңгі ертегі...
Махаббат мәңгі ертегі
- Махаббат – адамға уақытты ұмыттырады, уақыт та адамға махаббатты ұмыттырады.
- Жалғызсырау туыла салғаннан пайда болмаған, қайта біреуді сүйген кезіңнен басталады.
- Адам өміріндегі барлық істе бодау беруге тура келеді. Көңілді, шат өмірдің бодауы – азам.
- Бастала салған кезде-ақ, істің ақыры болатынын бәріміз білеміз.
- Махаббат барлығына қарсы тұра алмайды. Ол кейде өте дәрменсіз. Махаббат адам өміріндегі өкініштердің орынын толтыра алмайды. Қайта көптеген өкініштерді өмірге әкеледі.
- Махаббат – әдемі жымиыс арқылы у ішкізетін шарап.
- Біреуді сүйген кезде бізде аздап қорқыныш пайда болады. Оған қол жеткізуден қорқамыз, әрі, айырылып қалудан да қорқамыз.
- Кездесуге мүмкін болмағанда олар бірін-бірі сағынады. Ал, кездесуге мүмкіндік болғанда олар бірін-бірі азаптайды.
- Алғашқы махаббат саған екі рет азап арқалата алмайды. Мейлі ол сенің жүрегіңді қаншалық жараласын, барлығы да сенің бірінші рет жараланғаныңдай ауырмайды.
- Махаббатқа нүкте қоюдың қажеті жоқ. Ол өз-өзіне нүкте қояды.
- Неге біреуді ұмыту үшін соншалықты қиналамыз? Уақыт өзі-ақ ұмыттырады. Егер уақыт ұмытуға тиіс емес адамды ұмыттыра алмаса, біздің өткен сонау кездеріміздің бодауы қайда кетпек?
- Біреудің маңдайына күту жазылған, ал енді біреулердің маңдайына басқалар жағынан күтілу жазылған.
- Мен сені сүйемін – сенің бақытың үшін мен бәрінен кешуге бармын. Ол – сені де қамтиды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: pixnet.net
M. Auelkhan