Жақсы қыз өсіру оған асыл тәрбие беру, ең бірінші, ананың қолында. Қыз баланың тәрбиесі ең нәзік тәрбиенің бірі. Қыз ғұмыры қаншалықты ауыр болсада оның өзіндік тәрбиесі мен кезеңдері болады. Ендеше психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:
Қыз баласын өзімшіл етіп тәрбиелемеңіз Еркелете отырып дұрыс жолды таңдауды үйретіңіз. Қателік жасаса елдің көзінше айғайлап ұрсудың қажеті жоқ, өз қадіріңіз жоғалады. Өтпелі кезеңде жанына демеу болып ақыл айтыңыз. Көңіліне келетін сөздерді айтуды қойып оның орнына жақсы ана болуды үлгі етіңіз. Санасына қонымды әңгіме айтыңыз. Сізге қарап бой түзейді. Ұйықтар алдында жақсы сөз айтыңыз. Болашаққа деген сенімін арттыру үшін еңбекке баулыңыз. Мейірімді болумен қатар қайсар болуды үйретіңіз. Сіз қызыңызға айнасыз қызыңыз сіздің ісіңізді қайталаушы ғана. Қызыңызға үлгі ана болыңыз.