Қыз сынына арналған таныстыру

Қыз сынына арналған таныстыру
Фото: surak.szh.kz

Рауан таңның сәулесімен тұратын,

Жарық шашқан күнге жүзін бұратын.

Ару-көктем, ару- ана, ару – қыз,

Мен де ару Қазақ деген бір атым.


Атым Тоты, тегім текті бабадан,

Жетіп келдім Жетісудай даладан.

Бабалардың сарқыты едім содан ба,

Ғұрып сүйіп туылыппын анадан.


Табиғаттың тамшысы едім таматын,

Жапырақтан сырға тауып тағатын.

Бүгін келдім жарық шашып алдыңа

Шоғырынан жұлдыздырдың ағатын.


Аруыңмын бәрін сүйем тірліктің,

Тіршілігін зерттеймін түрлі ұлттың.

Еркесімін үйдің асыл, арайлы

Жаршысымын береке мен бірліктің.


Шыр айналып таба алмайтын жер көктен,

Адамзатты ойға салып терлеткен.

Мен –арумын, сынға түсер алдыңда,

Әз әлемді қылығымен тербеткен.

М. Ақан