Күзгі хандрадан құтқаратын 10 өсімдік

Күзде жылулық пен жақсы көңіл күйді көбірек қажет етеміз. Мұндай кезде күзгі хандраны кетіруге көмектесетін емдік қасиеттері бар өсімдіктерді пайдалануға болады. Нашар көңіл күймен немесе депрессиямен күресетін өсімдіктер тізімін ұсынамыз.

Лаванда
Лаванданың хош иісі адамның жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді және бас ауруынан құтылуға көмектеседі. Лаванда бұтақшасының қайнатпасы антисептикалық, тыныштандырушы және ауруды басушы құрал ретінде тұмау белгілерін жеңілдетеді.

Қолдану жолы: Лавандасы бар құмыраны жатын бөлмеге қойсаңыз, ұйқысыздықтан арыласыз. Сондай-ақ ауыр күннен соң лаванда қайнатпасы қосылған ваннаға жатыңыз: ол шаршағанды басады және тыныштандырады.

Қазтамақ (герань)
Бөлме қазтамағы артериялық қысымның қалыпқа келуіне ықпал етеді: ол үшін өсімдіктің кішкене жапырағын білекке қою керек. Қазтамақты жиі негатив энергияны «жұтып алушы» ретінде қолданады. Мысалы, үйдегі алқызыл қазтамақ отбасыдағы қатынасты қатайтуға, қызыл қазтамақ үйге бақыт пен амандық әкеледі.

Қолдану жолы: Үйге бөлме қазтамағын сатып алыңыз немесе қазтамақтың эфир майын хош иісті құрал ретінде пайдаланыңыз.

Жалбыз
Жалбыз есте сақтауды жақсартады, көңіл күйді көтереді, сондай-ақ ауыр күннен соң босаңсуға көмектеседі. Сонымен қатар, жалбыз тәбетті жақсартады, ал оның иісі жүрек айнуды басады. Жалбыз қан тамырларды тазартады және ми жұмысын белсенді етеді.

Қолдану жолы: Жалбызы бар құмыраны үстелдің үстіне қойсаңыз, ұйқышылдығыңыз бен шаршағаныңыз басылады. Жалбыз жапырақтарын сусынға, мысалы, шайға қосыңыз немесе онымен тамағыңызды безендіріңіз.

Раушан
Ақ раушанның гүл жапырақтарының құрамында шырышты заттар бар, сондықтан оны гипертония (қысымның көтерілуі) және атеросклероз (жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруы) кезінде қолданады. Жалпы раушан гүл жапырақтарын босаңсынуға жиі қолданады.

Қолдану жолы: Оларды ваннаға салыңыз.

Алоэ
Алоэ — керемет антисептик. Ол терідегі қызаруды басуға көмектесетін ылғалдандырушы құрал. Алоэ шырынының құрамында микроэлементтер, минералды тұз, А, В1, В2, В3, В6, B9, С дәрумендері, антиоксиданттар (Е дәрумені) және көптеген аминқышқылдар бар. Сондықтан оны жиі косметологияда қолданады.

Қолдану жолы: Бұл өсімдікті жатын бөлмеге қойыңыз. Ол ауаны тазартуға көмектеседі. Ал алоэ шырынын теріге қолдануға болады.

Гүлшетен (розмарин)
Гүлшетен шаршағанды басады, зейін қою мен есте сақтауды арттырады және мазасызданумен күреседі. Бұл өсімдікті асүйде өсіру қиын емес, содан соң оны тамаққа дәмдеуіш ретінде қолдануға болады.

Қолдану жолы: Гүлшетені бар құмыраны жатын бөлмеге қойсаңыз, сізді тыныштандырып, бас ауырғанын кетіруге көмектеседі.

Орегано
Қарапайым жұпаргүлді (душица) немесе ареганоны мазасыздықпен күресу үшін тамаққа қолданады. Бұл өсімдік өзіңізге келіп, тыныштануыңызға көмектеседі. Ореганоның құрамында кофе қышқылы мен карвакрол бар: олар ағзаны депрессия мен шаршаудан қорғайды.
Қолдану жолы: Ореганоны көкөністі салатқа немесе спагеттиге қосыңыз.

Насыбайгүл (базилик)
Насыбайгүл — жүйке жүйені тыныштандыратын және жүрекке қамқор болатын өсімдік. Оның құрамында А, К, С, В3, В9 дәрумендері және мыс, магний, темір, калий бар. Сондай-ақ бұл өсімдікте жасұнықтың көп мөлшері болады. Насыбайгүл жапырақтары іштің шаншуын кетіреді, ағзаның улануы кезінде барлық улы заттарды сыртқа шығарады. Ал оны дәкеге орап көзге басу көздің құрғап кетуін және шаршағандығын басады.

Қолдану жолы: Насыбайгүл жапырақтарын сорпаға немесе салатқа қосыңыз.

Ақгүл (жасмин)
Ақгүл бас ауруынан құтылуға көмектеседі, тыныштандырып, жақсы көңіл күй сыйлайды. Бөлме ақгүліне мән беріңіз: оның әдемі ақ гүлдері мен хош иісі болады. Оның гүлдерінде эфир майлары және түрлі қышқалдар бар. Мысалы, оның құрамындағы салицил қышқылының қабынуға қарсы әсері бар. Ақгүл босаңсытушы әсерге ие, ол бас ауруы мен іш ауыруын азайтады. Оны әйелдерге толғағын жеңілдетуге ұсынады.

Қолдану жолы: Ақгүлдің гүл жапырақтарын шайға қосыңыз. Сол кезде ол жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді және асқазан ауырғанын басады.

Қызылқұлақ (физалис)
Оның аты таныс емес болса да, оны дүкендерден кездестірген болуыңыз мүмкін. Оның жемісі депрессиямен және ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі. Оны жиі буындардың сырқырап ауыруына және тыныс ауруларына қолданады.

Қолдану жолы: Қызылқұлақ жемісін бәліш немесе тұздық дайындауға пайдаланып көріңіз. Одан цукат дайындауға да болады.