- Мама, оның орны бiздiң үй емес.
- Ненi айтасың, қызым?
- Анау үстел үстiндегiнi.
- Ааа... Құты бар құты ғой ол.
- Дейсiз-ау! Қызыңыз сақтай алмаған дүниеге сiз қорған болайын деп пе едiңiз?
- Сыйдың аты - сый. Аманатқа қиянат - қанда жоқ қасиет!
- Ашылмапты да...
- Жиылған жүгiңмен қайтады келген жағына. Және иесiмен бiрге. Тек кезiн күтiп жүр. Асықпа!
- Соңғы жыл, мама... Жапырақ жаным төртiншi рет қурағалы тұр...
- Көктемде көктерiн бiлмесе, күз оны солдырмас едi...
- Көңiлiм ғана көктем. Жүректе тiршiлiк тоқтағалы қашан?..
(Үнсiздiк).
- Мам...
(Үнсiздiк).
- Сiзде сағындыңыз ба?
(Үнсiздiк. Сәлден соң қыздың ұзақ қарқылдаған күлкiсi).
- Мамау, не болды сiзге? Оны айтсам үнемi мұрын тыжырайтушы едiңiз ғой...
- Қазiр орнын әжiм басыпты...
- Қара теңiздiң қаһары үшiн Алатау әлi ашулы!
- Ашуланғанда не деушi е(дi)ң?
- "Қадiрiмдi бiлмейтiн, қадiрлiм-ау,
Қабiрiмдi құшақтап жылап қалма!"
- Әне! Кешiрiлетiн дүние бар. Кеш келетiнi тағы бар. Абай бол, қызым!
- Өлгiм келедi тек оның ертегiсiнде...
- Өлiмшi өмiрдi қайтесiң? Тiрi жүру үшiн сәби болып қал... Әлдиiнде!
- Мам... Мен емес! Ол емес! Иесi әлгi құтының...
- Түүүүш... Сол көктемнiң соңғы әнiн салшы.
(Ой орнын күлкi аралас жас алды).
- "Бiр шыны шай қой,
Мен әркез келемiн!"
- Бiр шыны шай қой,
Ол әркез келедi...