- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Күтімді қажет етпейтін...
Күтімді қажет етпейтін өсімдіктер
Өсімдіктер де тіршілік иесі. Олар да өзін жақсы көргенді сезеді. Көңіл-күйіңе байланысты өсіп, жетіледі. Кейде бір нәрсені уайымдасаң, солып қалады. Олармен өзара сыр шертісіп, әңгімелессең, жайқала түседі. Дегенмен, гүл өсіруді жаңадан бастаған адамдар алдымен ерекше күтімді қажет етпейтін өсімдіктерді еккені жөн.
Аспидастра. Бұл өсімдік тек қана ыстық күн мен дымқылдылықты ұнатпайды. Оның үстіне, аспидастра қайта отырғызуды ауыр көтереді, сондықтан мұны жылына екі-үш рет қана жасаған жеткілікті.
Пеперомияның қалың жапырақты түрлері бұрыш тектілерге жатады және жартылай суккулента болып табылады. Бұл өсімдіктің сабағы мен жапырақтарында су қоры сақталады. Соның арқасында, бір-екі рет суарылмай қалғанның өзінде, оған ештеңе болмайды. Оларға ауаның аз ылғалдығы да маңызды емес. Қыста +12С дейінгі температураны жақсы көтереді. Бұл мерзімде суаруды азайту қажет.
Традесканция әрқашан балалық шақты еске түсіреді. Қыста бұл өсімдік салқын бөлмеге керемет үйлеседі. Дегенмен, оған жеткілікті жарық түсіп тұруы қажет. Ал суға келсек, традесканция оны өте үнемдеп жұмсайды.
Ал Амазонка тропикалық ормандарынан келген лиана немесе монстер ылғалдылығы жоғары жылы және қараңғы бөлмелерде жақсы өседі. Дегенмен, жарық көп түсетін жерде оның жапырақтары әдемі болып өседі.
Хлорофитум бөлмедегі ауаны жақсы тазартады. Ол жарықта да, көлеңкеде де жақсы өседі. Тамырында судың ұзақ сақталуының арқасында, ол тұрақсыз суаруды жақсы көтереді.
Церопегия құрғақтыққа төзімді келеді. Оны суарылуы қиын жерге де отырғызуға болады, бұл тіпті ол үшін жағымдырақ. Одан басқа, қыста церопегия 10С дейінгі температураны жақсы көтереді. Дегенмен, барлық суккуленттер сияқты, оған да күн сәулесі қажет.
Тағы бір суккулентті өсімдік, халық арасында маймыл не ақша ағашы деп аталып кеткен жасаңшөп (толстянка) те төзімді және күй таңдамайды. Оның жапырақтары қалың және сабағы қатты, ағаш тәрізді. Оның күтімі өте қарапайым. Қыста ол үшін 6-10С температура жеткілікті. Сәйкесінше, судың да қажеттілігі азаяды. Бұл өсімдікке құрғақ ауаның зияны болмайды. Жазда да олардың күтімі қиындамайды, олар таза ауада жақсы өсе береді.
Эчеверия түрлері сырт пішінімен бір-бірінен өте қатты ерекшеленеді. Дегенмен, олардың ортақ сипаты бар: бөл өсімдіктердің күтімі жеңіл. Барлық суккуленттер тәрізді, эчеверия ылғалды жақсы сақтайды. Эчеверияға крассуле мен жасаңшөппен бірдей күтім қажет.
Сіздің терезе алды тақтайыңызға каланхоэ өте жағымды қонақ болып табылады. Бұл төзімді өсімдіктің түрлі түсті ашық гүлдері оған ерекше көркемдік береді. Оның күтімі де қарапайым. Оған қыста салқындық, жыл бойы қажетті мөлшерде су, және жеткілікті жарық қажет.
Плоскорогтың сыртқы пішініне қарап, оны көп күтім қажет ететін өсімдікке ұқсатамыз. Шын мәнінде, ол керісінше.
Сүттігеннің 2000-ға жуық түрі, оның ішінде 400 суккулентті түрі белгілі. Жапырағы қалың барлық өсімдік сияқты, ол да көп суды қажет етпейді. Бұл тұқымдастың ең сүйікті өкілі пуансеттия. Оны күн сәулесі түсетін жылы (тым ыссы емес) жерге қойсаңыз, әбден жеткілікті. Оны көп мазаламаған дұрыс. Жиі орын ауыстырса, оның жапырақтары түсіп қалуы мүмкін.
Сансевиерияның қалың жапырақтары өте төзімді, тіпті ашық күннің де зияны тимейді. Сансевиерия аздаған суға қанағат етеді.
Экзотикалық түріне қарай плоскогор деп те аталатын платицериум жапырақтары өте тартымды көрінеді. Оның жапырақтары қабығы судың булануын тежейді. Бұл қырыққұлақ (папоротник) жарықтың аздығына да төзімді. Оған жиі суару міндетті емес, тек аптасына бір рет су құйылған ыдысқа салып тұрса, жетклікті.
Суреттер ewomans.com, fionadekor.ru, cvetovodu.ru сайттарынан алынған