Күрделі тазалау жұмысының ережесі

Күрделі тазалау жұмысының ережесі
Фото: comode.kz

Жыл маусымының алмасуы – үйді тәртіпке келтірудің керемет сылтауы. Үйде тазалау мен тәртіпке келтірудің барлық әдістерін танып білеміз.

Пәтерге қарап тұрып, тазалауды неден бастарыңды білмей, дал боп тұрып қаласың. Неден бастап, нені жуып, нені тастау қажет? Күдік туындамас үшін тіпті тізім де жасап алуға болады. Алдымен барлық пәтер бойынша ортақ және бөлмелер бойынша бөлек тапсырмаларды бөліп алыңыз. Енді, бастайық

Бөлмелер
Күрделі тазалау жұмыстарын терезе жуудан бастаңыз. Перде мен тюльді шешіп, оларды жууға апарыңыз, тұтас пердені сүртіңіз.

Заттарды орнына қойыңыз. Ыңғайлы болу үшін жұмысты бірнеше бөлікке бөліп алыңыз. Мысалы, алдымен киіміңізді жинаңыз, кейін қағаздармен айналысасыз. Бөлмеге қоқыс салатын пакетті әкеп алыңыз – қажетсіз заттардан арылуға ыңғайлы болады.

Кілем мен жұмсақ жиһаздарды шаңсорғышпен тазалаңыз. Одан кейін бөлмеге жылы суы бар леген мен шаң сүртетін матаны әкеліңіз. Батареяларды, жиһаз бен есіктерді сүртіңіз. Шамдарды жуыңыз. Металды тұтқаларды жылтыратыңыз, ер адамның біреуінен есік топсаларын майлауын сұраңыз. Қалауыңыз болса, ағаш беттерді полирольмен немесе балауызбен сүртіңіз.

Ас үй
Тоңазытқыштан бастаңыз. Мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті тастап, сөре мен қабырғаларын мұқият сүртіңіз. Шкафтағы сөрелерді ылғалды матамен сүртіңіз (оған қоса барлық үй дайындамалары мен жармаларды да тексеріп аласыз). Тұрмыстық техниканы, еденді де жуыңыз! 

Жатын бөлме
Ерінбей, жастықтарды, көрпелерді және төсек жапқыштарын химиялық тазалауға апарыңыз. Бұны жарты жылда бір рет, ең жақсысы қыстан кейін және жаз біткенде жасау қажет.

Ванна бөлмесі
Косметика мен жеке гигиена құралдарын тексеріп шығыңыз – мерзімі өтіп кеткендерді лақтырып тастаңыз. Жуатын құралдарды реттеңіз, орамалдарды бүктеңіз, сөрелерді сүртіңіз, шұңғылшаны және ваннаны тазалаңыз.

Жұмыс орны
Егер үстел үстінде көптеген қағаз жиналып қалса, солардың ішіндегі ең маңызды дегендерін салу үшін алдын ала қорапты, папканы немесе қобдишаны дайындап қойыңыз. Қажетсіз қағаздарды қоқыс пакетіне салыңыз. Енді түбіртектер мен шоттарға бөлек папка арнаңыз!

Қойма, антресольдер, кіре беріс
Қыстық аяқ киімді жуып, қорапқа салыңыз, қыстық қолғап пен бас киімді жинап қойыңыз. Егер қажет болса, сөмкелерді ашық түстерге, көктемгі түрлерге ауыстырыңыз. Жаздық киімді шығарып, іліп қойыңыз.

Сіз үйді жиі жинайсыз ба?

ДЕРЕККӨЗ: kz.everydayme.com

Т. Есқали