Шайдың бояуы сіңген, қарайған күміс ыдыстарды қалай тазалау керектігін білмейсіз бе? Онда төмендегі кеңеске қараңыз. Тазалау жолы оп-оңай, ал нәтижесі көңіліңізден шығады. Ыдыстарыңыз жаңа сатып алғандай жылтырайтын болады.
Ол үшін:
– қайнаған ыстық су;
– алюминді фольга;
– тұз керек.
Шұңғылдау ыдыстың ішін қабырғаларынан асырып фольгамен қаптаңыз. Ішіне күміс ыдыстарыңызды салыңыз. Ыстық су құйып, тұз себіңіз. Тұзды суда жарты сағат тұрған ыдыстарыңызды шайып алыңыз.
Дереккөз: anabol.kz