Көненің жәдігерлері барлығымыз үшін асыл мұра болмақ. Алайда сол мұрамыздың шаң басқан архивте жатып, иістеніп кететін кезі болады. Кезекті материалымызда осы жағымсыз иістен арылып, қажетті кітабыңызды ұзақ уақыт бойы сақтауға көмектесетін нұсқаулықтар ұсынамыз.
Ең алдымен, кітаптың не себепті иістенетінін анықтайық:
1. Кітап тұрған жердің дымқылдығын тексеріп көріңіз. Кез келген бактерия мен көктің пайда болуына ылғал мен дымқылдың өзара дұрыс әрекеттеспеуі себеп болады. Егер шәй ішіп отырып, кітап оқитын әдетіміз болса, арасына төгілген шәй де кітап беттерінің бір-біріне жабысып қалуына себеп болуы мүмкін. Ал кітаптың дымқылдығын төмендегі белгілеріне қарап анықтауға болады:
- Кітап беттерінің шеткі бөлігі бір-біріне қатты жабысады. Және су жетпеген аймағы оңай ашылады;
- Түсі сарғыштанып кетеді;
- Арасы көгергені байқалады;
- Дымқыл жертөре секілді бір иіс шығады.
2. Темекі түтінінен зақымданбағанын тексеріңіз. Кітап арасында жағымсыз иістің пайда болуына темекі түтіні себепші болуы мүмкін. Темекі түтінімен зақымданған кезде кітап құрғақ, бірақ сарғыш түске боялады.
Кітаптың жағымсыз иісінен арылу тәсілдері
1. Кітаптың көгергенін байқасаңыз, оны бірден тазартуға кірісіңіз.
2. Кітапты тігінен үстел үстіне қойыңыз. Беттерін ақырын желдетіңіз. Егер желдетуге саусақтарыңыздың қауқары жетпей жатса, арасын пышақтың көмегімен ашыңыз немесе қысқышты пайдаланыңыз.
3. Кітапты құрғақ әрі жылы жерге қойыңыз. Артынша барлық беттерінің кепкеніне көз жеткізіңіз. Оны кептіру үшін күн сәулесін пайдалануыңызға болады. Алайда күн сәулесі кейбір әріптерді оқылмайтындай өшіріп жіберуі мүмкін. Яғни тура күннің астына қоюдың қажеті жоқ.
Иісті кетіру үшін абсорбентті пайдалану
Бұл тәсілді құрғақ, бірақ жағымсыз иісі бар кітаптар үшін пайдаланаған жөн.
1. Мысық дәретханасын толтырғышты пайдаланып көріңіз. Ол үшін сізге кішкене контейнер және үлкен контейнер, абсорбент ретінде ас содасы, мысық дәретханасын толтырғыш зат, ағаш көмір қажет болады.
- Үлкен контейнердің жартысына жеткізіп мысық дәретханасын толтыратын затты салыңыз;
- Артынша жағымсыз иісті кітапты кіші контейнердің түбіне салып, оны үлкен контейнердің ішіне жайғастырыңыз;
- Үлкен контейнердің бетін жақсылап жауып, абсорбентке салынған кітапты бірнеше күнге қалдырыңыз;
- Кітапты бірнеше күн сайын алып қараңыз. Кітаптың иісі кетпейінше осы рәсімді қайталай беріңіз;
- Бұдан былай кітапты құрғақ жерге қойыңыз;
- Мысық дәретханасын толтыратын затты белсенді көмірмен немесе ағаш көмірмен алмастыруға болады. Бірақ кітап беттерінің көмірмен жанаспауын қадағалаңыз.
2. Ас содасын пайдаланып көріңіз
- Шыны ыдысқа салынған ас содасын пластик қораптың немесе қоқыс тастайтын шелектің ішіне қойыңыз. Ішіне кітапты салып, қақпағын ауа кірмейтіндей етіп жабыңыз. 48-72 сағатқа қалдырып, артынша тексеріңіз. Жағымсыз иіс кетпейінше осы рәсімді қайталай беріңіз;
- Кітаптың әрбір 10 бетінің арасына ас содасын себіңіз. Күн көзіне қойып, арада біраз уақыт өткен соң беттерін алмастырып отыруды ұмытпаңыз.
Қосымша кеңестер:
- Жағымсыз иістердің барлығы көк иісінен пайда болуы мүмкін емес. ХХ ғасырға дейінгі кітаптар сапасы өте төмен қағаздан жасалғанын ескеріңіз;
- Өзіңіз үшін құндылығы жоғары кітапты сақтау үшін архивті полиэтиленді мүшекті пайдаланған жөн. Мұндай мүшектерді кітап дүкендерінен сатып алуға болады;
- Кітапты 10-15 секундке микротолқынды пешке салып қоюға болады;
- Сарғыш түске боялған кітапты ағарта алмайсыз. Сондықтан аса керек кітаптың электронды нұсқасын пайдаланған жөн.
Ал сіз көгерген кітапты қалай тазартасыз?