- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Кір жууға арналған...
Кір жууға арналған кеңестер
Көбіміз кір жууды ұнатпаймыз. Ең қымбат ұнтақтарды пайдалансақ та, нәтижесі ойдағыдай болмай шығады. Ал қолмен жуайық десек, көп уақытымыз кетеді. Төмендегі 6 қарапайым ережені ескеру арқылы киімдеріңіздің бастапқы қалпын сақтап қала аласыз. Еш қиналмайсыз!
1. Джинс шалбардың түсін сақтап қалу
Оны легенге салып, үстіне бір стақан тұз себіңіз. Тұз оның түсін сақтап қалуға септігін тигізеді.
2. Жағымсыз иісті кетіру
Джинс шалбарды кір жуғыш машинаға салмас бұрын пакетке орап, 15 минутқа тоңазытқышқа салып қойыңыз.
3. Созылып кетпес үшін
Үй шаруасымен жаңадан айналысып жүрген бойжеткендерге кеңес. Кір жуу машинасындағы «суық су» режимі киімді сол қалпында сақтауға көмектеседі.
4. Кептіру
Киімдерді жылдам кептіру үшін фенді пайдалануыңызға болады. Алайда фенді темірден жасалған уақ-түйек заттары болмаған жағдайда ғана қолдана аласыз.
5. Киімнің жарқын түсті әрі жұмсақ болғанын қаласаңыз
Ақ түсті киімдерді жуған кезде, бір стақан ақ сірке қышқылын қосыңыз. Ал түрлі түсті киімдердің бастапқы қалпын сақтау үшін бір стақан тұз себіңіз.
6. Кір машинаны тазалау үшін
Дезинфекициялау үшін кір машинаның ішіне тіс шаюға арналған құралды құйыңыз. Артынша «шайқау» режимін қосыңыз. Жоғарыда жазылған қулықтарды видеодан да көре аласыздар.
Ал бұдан өзге қандай тәсілдерін білесіз?
Қ. Бүйенбай