Кір жуғыш машинаның режимдеріне көбіміз мән бермейміз және үйреншікті режимде барлық киімді жуа береміз. Ал бұл киім матасының бүлінуіне, тез тозуына, өңінің кетуіне әкелуі мүмкін.
Кір жуу режимін міндетті түрде матаның типіне байланысты қою керек. Мұнда ең бастысы, мақта мата, синтетика, жүн мата мен жібекті ешқашан бірге жумау керегін ескеру керек. Жуылатын киімдерді матасына байланысты сұрыптап, киімнің затбелгісінде белгіленген режимге байланысты жуу қажет.
Мақта мата мен зығырды жоғары температурада жууға болады, өйткені оларды бояуға тұрақты түстер пайдаланылады және маталар да төзімді келеді. Сондықтан қатты сығуға да болады.
Аралас мата бұйымдарына, синтетика мен нәзік мақта мата үшін температураны 60°С-қа түсіруге болады, сонымен қатар сығу кезінде 1000 айналымнан көп емес режимді пайдалану керек.
Нәзік маталар, жүн немесе мақта маталар үшін қолмен жуу режимін немесе жүн бұйымдарын жуу режимін қоюға болады. Мұндай жағдайда жуу үдерісі ұзаққа созылмайды, машина киімдерді қатты сықпайды және бұл өз кезегінде киімдердің ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Соңғы кездері «үнемді жуу» немесе «қысқа жуу» режимі жиі қолданыста. Мұндай режимдердің ерекшелігі жуу үдерісі көпке созылмайды және су қатты ысымайды. Жиі қолдануға пайдалы болғанымен, киімдерге сіңіп қалған дақтарды кетіру қиынға соғады. Өйткені бұл режимде жуу мен шаю мерзімі тым қысқа.
Кір жуу режимінен қателеспеу үшін киімнің затбелгісіндегі анықтамаларды беруді жөн көрдік.
Жуу
Ағарту
Химиялық тазалау
Үтіктеу
Кептіру
Сурет: sontsa.by
Дайындаған: Анар Мұстафина