Кір жуу режимдерін қою ережелері

Кір жуу режимдерін қою ережелері

Кір жуғыш машинаның режимдеріне көбіміз мән бермейміз және үйреншікті режимде барлық киімді жуа береміз. Ал бұл киім матасының бүлінуіне, тез тозуына, өңінің кетуіне әкелуі мүмкін.

Кір жуу режимін міндетті түрде матаның типіне байланысты қою керек. Мұнда ең бастысы, мақта мата, синтетика, жүн мата мен жібекті ешқашан бірге жумау керегін ескеру керек. Жуылатын киімдерді матасына байланысты сұрыптап, киімнің затбелгісінде белгіленген режимге байланысты жуу қажет.

Мақта мата мен зығырды жоғары температурада жууға болады, өйткені оларды бояуға тұрақты түстер пайдаланылады және маталар да төзімді келеді. Сондықтан қатты сығуға да болады.

Аралас мата бұйымдарына, синтетика мен нәзік мақта мата үшін температураны 60°С-қа түсіруге болады, сонымен қатар сығу кезінде 1000 айналымнан көп емес режимді пайдалану керек.

Нәзік маталар, жүн немесе мақта маталар үшін қолмен жуу режимін немесе жүн бұйымдарын жуу режимін қоюға болады. Мұндай жағдайда жуу үдерісі ұзаққа созылмайды, машина киімдерді қатты сықпайды және бұл өз кезегінде киімдердің ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Соңғы кездері «үнемді жуу» немесе «қысқа жуу» режимі жиі қолданыста. Мұндай режимдердің ерекшелігі жуу үдерісі көпке созылмайды және су қатты ысымайды. Жиі қолдануға пайдалы болғанымен, киімдерге сіңіп қалған дақтарды кетіру қиынға соғады. Өйткені бұл режимде жуу мен шаю мерзімі тым қысқа.

Кір жуу режимінен қателеспеу үшін киімнің затбелгісіндегі анықтамаларды беруді жөн көрдік.

Жуу

қайнатуға болатын бұйымдар (мысалы, ақ мақта мата және зығыр маталары)
тұрақты түрлі-түсті бұйымдар (мақта мата, вискоз, нейлон және аралас талшықтардан құралған мата)
бояуы тұрақсыз түрлі-түсті маталардан тігілген нәзік бұйымдар, сонымен қатар акрил, ацетат, триацетат пен жартылай жүн маталар
жүн бұйымдар
қолмен жууға арналған бұйымдар
жууға болмайды

Ағарту

хлоры бар сұйық ағартқыш қолдануға болады
хлоры бар сұйық ағартқышты қолдануға болмайды

Химиялық тазалау

кез келген реагенттер пайдалануға болады
қарапайым реагенттермен тазалау, мысалы, перхлорэтилен немесе гидрокарбонатпен
химиялық тазалауға болмайды

Үтіктеу

жоғары температурада үтіктеуге арналған (200°С шамасында), мысалы, мақта мата, зығыр
орташа температурада үтіктеуге арналған (150°С шамасында), мысалы, жүн маталар (булау), жібек, вискоз, полиэстер
төменгі температурада үтіктеуге арналған (100°С шамасында), мысалы, синтетикалық маталар (акрил, нейлон, ацетат)
үтіктеуге болмайды

Кептіру

арнайы кептіретін камерада кептіруге болады
кептіретін камерада кептіруге болмайды

Сурет: sontsa.by

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina