Суық түсіп, жаңбыр жаумай тұрып, балалық шақты еске алып, өзіңізге қуаныш сыйлаңыз. Көпіршіктерді өзіңіз жасап көріңіз.
Сонымен үлкен сабын көпіршіктерін жасау үшін сізге мына нәрселер қажет:
1/2 л су; 1/2 л ыдыс жуатын сұйықтық; 1/2 глицерин; жуан сым; таяқша; изолента.Шелекте су, ыдыс жуатын сұйықтық пен глицеринді араластырамыз. Сымнан ілмек жасап, таяққа изолентамен бекітеміз. Дайын болған құралды шелекке малып, үрлейміз.
Кішкентай сабын көпіршіктері үшін:
300 мл су; 100 гр ыдыс жуатын сұйықтық; 50 мл глицерин керек.Бәрін жақсылап араластырып, көпіршіктерді үрлей беріңіз!
Көпіршіктердің сапасын жақсарту үшін, мына кеңестерге құлақ іліңіз:
Суды алдын ала "жұмсартып" аламыз. Ол үшін жаңбыр суын не қайнаған суды қолданса болады. Глицерин көпіршіктердің жарылып кетпеуіне кепіл береді.Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: photo-prikol.net