Суық түсіп, жаңбыр жаумай тұрып, балалық шақты еске алып, өзіңізге қуаныш сыйлаңыз. Көпіршіктерді өзіңіз жасап көріңіз.
Сонымен үлкен сабын көпіршіктерін жасау үшін сізге мына нәрселер қажет:
- 1/2 л су;
- 1/2 л ыдыс жуатын сұйықтық;
- 1/2 глицерин;
- жуан сым;
- таяқша;
- изолента.
Шелекте су, ыдыс жуатын сұйықтық пен глицеринді араластырамыз. Сымнан ілмек жасап, таяққа изолентамен бекітеміз. Дайын болған құралды шелекке малып, үрлейміз.
Кішкентай сабын көпіршіктері үшін:
- 300 мл су;
- 100 гр ыдыс жуатын сұйықтық;
- 50 мл глицерин керек.
Бәрін жақсылап араластырып, көпіршіктерді үрлей беріңіз!
Көпіршіктердің сапасын жақсарту үшін, мына кеңестерге құлақ іліңіз:
- Суды алдын ала "жұмсартып" аламыз. Ол үшін жаңбыр суын не қайнаған суды қолданса болады.
- Глицерин көпіршіктердің жарылып кетпеуіне кепіл береді.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: photo-prikol.net
С. А