Өмір қамшының сабындай тым қысқа. Балалығыңызды жасырып, есейетін шақ туғанын түсінген сәттен бастап сезімдеріңіздің арасында арпалыс жүреді. Еркелікті ақылдылыққа, ашушаңдықты сабырға жеңдіретін уақыт келеді. Бір ғана нәрсе қартаймайды. Ол – көңіл. Сенбесеңіз мына оқиғаларды оқып көріңіз.
– Бүгін автобуста қолына гүл мен шоколад ұстаған қартты кездестіріп қалдым. Жүргізушіден өзіне межелі аялдамасына барар-бармасын сұрап тұрды. Кейін аялдамаға жақындаған соң жүргізушіге қарап: «Мені сүйіктім күтіп тұр», – деп балаша қуанды. Бұл махаббат емес пе?
– Менімен бірге оқитын 60 жастағы әжей бар. Айтуынша, 5 жасар немересі болашақта Италияда өмір сүргісі келеді екен. Ал әжей немересіне итальян тілін тегін үйрету үшін, екінші рет жоғарғы оқу орнының студенті атаныпты. Бұл шынайы сезім емес пе?
– Екі жыл бұрын марқұм атам туған күніме өзінің сүйікті кітабын сыйлаған. Бүгін оқып отырып, ортасынан хат пен ақша салынған конверт тауып алдым. «Өзіңді нашар сезінген сәтте, шоколад алып же!»
– Бір күні атам әжемнің артынан тығылып келді де, көзін қолымен бүркеп «Мен кіммін?», – деп сұрады. Әжем «Сен менің мәңгілік махаббатымсың», – деп жауап қатты.
– Атам мен әжеме қонаққа бардым. Атам менімен бірге үстел үстінде отыр, ал әжем құймақ пісіріп тұрған. Кенеттен атам: «Қане, немеремізге қолымыздан не келетінін көрсетейік»,– деді. Әжем сол бойда табақшадан құймақты аспанға лақтырып жіберді, атам болса асқан шапшыңдықпен оны қағып алды.