Көңіл күйді жақсартатын бөлме гүлдері

Бөлме гүлдері зиянды заттарды өзіне жұтып, ауаны оттегімен қамтамасыз етеді, оны ылғалдандырып, үйдің және адамдардың энергетикасын жақсартады. Сонымен қатар, бөлме гүлдері адамның психикасы мен көңіл күйіне де әсер етеді. Микроклиматты және адамның көңіл күйін жақсартатын үй гүлдерін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазтамақ (герань)

Қазтамақ ауаны артық дымқылдықтан тазартады, энергетиканы жақсартады, шаршағандық пен күйзелістен арылтып, жүйке жүйесін жақсартады. Ол ұйқыны реттеп, көңіл күйді көтереді. Қазтамақ жапырағын алақанмен уқалап, кішкене иіскесеңіз, бас ауруын қойдыртады.

Хлорофитум

Хлорофитум – керемет ауа тазартқыштардың бірі. Ауа қаншалықты ластанған сайын, хлорофитум соншалықты жылдам өседі. Бұл гүлді жаңа құрылыс жүріп жатқан жерге ұстауды ұсынады. Себебі ол жақсы көңіл күй сыйлайды және синтетикалық материалдардан пайда болатын формальдегидті белсенді түрде жояды.

Алоэ

Оны барлық жағдайға арналған өсімдік деп атайды. Себебі ол иммунитет көтеруге, ас қорытуды жақсартуға, жаралардың жазылуына, суық тигенге, күйікке және т.б. жағдайларға көмектеседі. Сонымен қатар ол үйдегі энергетиканы жақсартып, жағымды аура тудырады.

Лимон

Лимон ауаны тазартып, бактерияларды өлтіретін зат түзеді. Ол суық тигенге және күйзелістен құтылуға көмектесіп, жүйке жүйесін тыныштандырады. Көңіл күйді көтеріп, жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Лимон ағзаның жалпы жағдайын жақсартып, мидың белсенділігін жоғарылатады. Оның жапырағын уқалап, лимон иісін иіскесеңіз, қуат аласыз.

Гүлшетен (розмарин)

Ол иммунитетті көтереді. Әсіресе, шаршап, күшіңіз азайған кезде жақсы көмектеседі. Оның иісі зейін мен есте сақтау қабілетін жақсартатын ми жұмысына әсер етеді.

Жалбыз

Оның иісі көңіл күйді көтереді. Жалбыз жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, шаршағандықты, ашшаңдықты басады және энергиямен қамтамасыз етеді. Бас ауру мен ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Оның иісі көбірек шығуы үшін жапырақтарын аздап уқаласаңыз болғаны. Егер компьютер алдында көп жұмыс жасасаңыз, үйде жалбыз гүлін ұстауға кеңес береді. Себебі ол алаңсыз ойлануға көмектеседі.

Фикус

Ол ауаны бактериядан тазартып, оттегімен толтырады. Оның жапырақтары жиі шаңданады. Бұл ауадағы шаң-тозаңның қонғанын көрсетеді. Сондықтан фикус жапырақтарын қайта-қайта ылғал шүберекпен тазартып тұрыңыз. Фикус үйді жағымсыз энергетикадан да тазартады.

Бегония

Бұл ашық түсті гүл микробатарды өлтіріп, ауаны тазартып, оны ылғалдандырумен қатар күйзеліспен күресуге көмектеседі және ашушаңдықпен күреседі. Ол жұмысқа қабілеттілікті арттырады және иммунитетті көтереді. Үйдегі компьютерден және басқа да тұрмыстық техникадан шығатын электромагнитті сәулені азайтады. Бегонияның балалар мен жасы келген үлкен кісілерге пайдасы зор.

Лавр

Ол біз көріп жүргендей тек дәмдеуіш қана емес, сонымен қатар босаңсытатын керемет құрал. Оның иісі тыныштандырады. Фэншуй мамандары лавр өсімдігін кіре беріске немесе қонақ күтетін бөлмеге қоюға кеңес береді. Ол негативті энергияны позитивке айналдырады.

Драцена

Оны бақыт ағашы деп атайды. Ол ауаны тазартып, энергетиканы жақсартады. Бас ауруы, ұйқысыздық және төмен иммунитет кезінде көмектеседі. Драцена көңіл күйді және өмірлік тонусты көтереді, күйзелістен арылуға көмектеседі.

Пайдалы кеңестер:

- Мамандар бөлме гүлдерін 10 шаршы метр жерге 1 гүл деген есеппен орналастыру керектігін айтады;
- Өткір ұшты жапырағы бар гүлдерді жатын бөмеге емес, қонақ күтетін немесе ас үйге қою керек;
- Қызыл гүлдер бөлмені энергиямен қамтиды, сары гүлдер көңіл күйді көтереді және ақ гүлдер негативті ойлардан арылтады;
- Жапондардың айтуынша, бөлме гүлдерінің жапырақтарын жай сипағанның өзі артериялық қысымды түсіруге және күйзелістен арылуға көмектеседі.