Қыстың жағымсыз қасиеттерінің бірі - көктайғақтың уақыты келді. Мұзда құлап қалу ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Сол себепті одан сақтану шараларын қолға алайық.
Сонымен көктайғақта құламаймын десеңіз, арнайы табаны кедір-бұдыр аяқ киім алған жөн. Өкшесі биік етікте құлау мүмкіндігіңіз жоғары екенін ескеріңіз.Етігіңіз бәрібір тайғанап жүрсе, мына кеңестерді қолданып көріңіз.
Етігіңізді алдын ала етікшіге апаруыңызға болады. Ол табанына арнайы резеңке жабыстырып, оны тайғанамайтындай қылады. Кейбіреулер аяқ киім табанына лейкопластырь жабыстырады. Бірақ ол 3-5 күнге ғана сақталады. Өкшесіз жүре алмайтын аруларға өкшесінің астына киіз кесегін жабыстырып алуға кеңес береміз. Ескі әдістердің бірі - шығар алдында табанды картоппен ысқылап сүрту.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: hudyashka.ru