Көкөністер мен жеміс-жидектерді сақтау бір қарағанда еш қиындығы жоқ жұмыс секілді. Алайда оның балғындығын сақтай отырып, ұзақ мерзімге сақтау екінің қолынан келе бермейді. Қыстың қамын жаз ойла демекші қысқа дайындықты бастап та, басын жинап та үлгердік. Ендеше көкөністерді қалай қысқа дейін сақтауға болатынымен таныс бола отырыңыздар. 1. Бақшадан қазып алған картопты қысқа сақтау үшін алдымен оны 1 сағатқа жайып кептіреді. Содан кейін оны іріктеп (бұзылған, ұрынған, майда, ірісін бөліп) биіктігі 1,3 метр жәшіктерге салып, 2-5 градус салқын әрі жел тиетін жерде сақтайды. Сонымен қатар жәшіктегі картоп бетін шетен жапырақтарымен жапса шірімейді. 2. Пиязды қыркүйек айының басында жинап алған дұрыс. Жерден қазып алынған пиязды әбден күнге жайып кептіреді. Содан кейін іріктеп тор қапшықтарға салып жел тиетін жерге жоғары іліп қояды немесе ағаш жәшіктерге салып құрғақ топыраққа көміп сақтаса да болады. 3. Сарымсақты жерден қазып алған соң сабағын қырқып, күн сәулесіне бірнеше күн жайып кептіреді. Сосын тамырын күйдіреді. Одан соң катрөл түбіне ірі тұз салып сарымсақты тамыр жағымен қойып шығады. Оның үстінен тағы ірі тұз салады да сарымсақты бір-бірлеп қояды. Осы тәсілмен орналасқан сарымсақ жерқоймада ұзақ сақталады. Сонымен қатар кептірілген сарымсақты 3 литрлік шыны банкіге салып сақтауға да болады. 4. Қырыққабатты қысқа сақтау үшін сыртын газетпен орайды. Егер де ораған қағаз суланып, қырыққабат жапырақтары қарайса, сыртындағы жапырақтарын алыс тастап, қайта жаңадан басқа қағазға орап 0С ұзақ жерде ұзақ мерзім сақтауға болады. Сонымен қатар көкөністің тұрған жері өте құрғақ болғаны жөн. 5. Сәбізді жерден қазып алғаннан соң сабағын түбінен 2 см қалдырып қырқады. 90-95% ылғал және 0-1С сақтайды. Яғни жәшіккек салынған сәбіз үстіне ылғао топырақ салады. 6. Қызылшаны ұзақ уақыт сақтау үшін қазып жатқанда тамыын кеспей, зақымдамастан алу қажет. Жапырағы мен сабағын түбінен 3 см қалдырып қырқады. Сосын оны ылғалдау топырақ салынған жәшіктерге көмеді. 7. Бақшадан алынған асқабақ пен кәдіні сақтау тәсілі өте оңай. Олар бөлме температурасында кереует, шкаф астында тұрса болғаны. 8. Баклажанды газет қағаздарына орап, күл салынған ағаш жәшіктерге салып сақтайды. 9. Алманың құрт түспеген, ұрылмаған түрлерін ғана сақтаған дұрыс. Ол үшін ағаш жәшіктерге сабын төсейді де үстіне бір-бірлеп қатарластыра алманы қойып шығады. Сосын оның үстіне қалың етіп сабан салады да қайта алманы қатарластыра қояды. Осы тәсілмен жәшік толғанша салып, ең беткі бөлігін сабанмен жабу қажет. Алма салынған жәшіктерді жертөленің құрғақ жеріне орналастыру керек. Сонымен қатар дәл осы тәсілмен алмұртты да сақтауға болады. 10. Жемістер мен көкөністердімұз етіп қатырып та сақтауға болады. Ол үшін арнайы полиэтилен пакеттерге немесе контейнерлерге 400-500 грамнан салады. Сонымен қатар тоңазытқышта қатырып сақтайтын кез келген азықтарды алдымен қайнатып немесе булап, сосын салқын мұз салынған суға салады. Оны кептіріп болғаннан соң қатырады. Жемістер мен көкөністерді мұздатқышта сақтаудың мынадай тәсілдері бар: Брокколи қырыққабатын турап жуады да кептіреді. Сосын барып мұздатқышта қатырады. Гүлді қырыққабатты бір-бірлеп ажыратып, тұз салып 3-4 минут булайды. Суытып, сосын мұздатқышқа салады. Көк шөптерді жуып, суын кептіреді. Сосын майдалап турап полиэтилен пакеттерге салып мұздатқышқа қояды. Картопты қайнатып пісіреді де суытып мұздатқышқа 30 минут салады. Сосын полиэтилен пакеттерге салып мұздатқышта сақтайды. Қызанақты пюре етіп қатыруға болады. Ол үшін қызанақты блендрдің көмегімен езіп, пластик стақандарға құяды да мұздатқышқа салып қатырады. Жидектерді де қатырып қысқа сақтауға болады. Оны сақтау үші, жидекті жуып кептіреді. Дара етіп ыдысқа салады да мұздатқышқа салады. Мұз болып қатқан жидектерді пакеттерге салып қояды.