- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Кока-коланы үй шаруасына...
Кока-коланы үй шаруасына пайдалану үшін
Америкадан келген Соca-Cola, Fanta, Sprite, Pepsi сынды газдалған сусындарды екінің бірі жақсы көретіні құпия емес. Үйде отырып, теледидардан, далаға шықсан билбордтардан жарнамасын күнделікті көреміз.
Мұндай сусындардың құрамындағы қышқыл сусынның ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Кока-коланы жиі әрі көп ішетін болсаңыз, денсаулығыңызға зияны тиюі мүмкін. Көбіміз мұндай сусындардың киім, құрылғыларды жақсы тазалайтынын білеміз.
Газдалған сусынды үй шаруасына қалай пайдалануға болады?
1. Электр шәйнегінің ішіне кола, фанта не спрайтты (спрайт қолдансаңыз, шәйнектің іші боялмай, таза болады) құйып, қайнатыңыз. Айтпақшы су тасын тек темірден емес, пластиктен де кетіруге болады.
2. Фарфор, шыныдан жасалған заттардың ішін тазартуға болады. Сондай-ақ эмаль бетінде тұрып қалған дақты да газдалған сусынмен кетіре аласыз. Ол үшін сусынды құйып, түнге қалдырыңыз.
3. Ванна, унитаз, бақалшықты тазартуда хлордың орнына 1 литр спрайтты қолданыңыз. Тазартатын жерге спрайтты құйып, бір сағаттан кейін кәдімгідей сүртіп, жуыңыз. Бұл хлор секілді өткір иісті, зиян емес.
4. Киім не жиһаздан дақты кетіргіңіз келсе, спрайтты лас жерге құйып, жарты сағаттан кейін жуып тастаңыз.
5. Газдалған сусынның құрамындағы қышқыл терезе, шыны бетіндегі дақтарды жақсы тазартады.
Ал сіз бұл сусынды тағы қалай пайдалануға болатынын білесіз бе?
Ф. Абилова