Кейде киімімізде кетуі қиын дақтар пайда болады. Мысалы, тойға барғанда байқаусызда үстіңізге шырынды төгіп алдыңыз делік. Оны әдеттегі ұнтақтың көмегімен кетіру өте қиын. Сондықтан, назарларыңызға кез келген дақты кетіруге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз.
Шөп
Жаңа түскен дақты әтірмен сүртіңіз. Ал, ескі дақты 30 мл әтір мен 10 мл мүсәтірдің қосындысымен тазалаңыз.
Тер
Мақта мата болса, сірке қышқылының көмегіне жүгініңіз. Ал, жібек матадағы дақты спирт ерітіндісінің көмегімен кетіруге болады. Ол үшін 1 стақан суға 1 ас қасық сірке суын қосыңыз.
Шашқа арналған бояу
Мұндай дақтарды кетіру үшін сутек тотығы мен мүшәтір спиртін бірдей көлемде араластырыңыз. Артынша осы қоспамен дақты сүртіңіз.
Кілемдегі майлы дақтар
Кір жуатын ұнтаққа бензин қосыңыз. Артынша осы қоспаны дақтың үстіне құйып, 7 сағатқа қалдырыңыз. Арада уақыт өткен соң ыстық сумен шайып жіберіңіз. Ал, дақ қатты сіңіп қалған болса, рәсімді қайталауыңызға тура келеді.
Гуашь
Ұнтақ қосылған суық сумен тазалау жеткілікті болады.
Қан
Қан жағылған матаны еш уақытта ыстық суға салмаңыз! Тек суық суды пайдаланып, артынша кір сабынмен жуу керек.
Йод
Дақты мүсәтір спиртімен сүртіңіз.
Желім
Ацетон қосылмаған тырнақ бояуын кетіргіш көмекке келеді.
Сағыз
Сағызды тырнақпен немесе өзге үшкір затпен қыруға болмайды. Оны киімнен алу үшін тоңазытқышқа салу керек.
Шоколад
Кір жуатын легенге 1 литр суға 1 ас қасық тұз салыңыз. Артынша кірді дайын болған қоспада жуыңыз.
Өсімдік майы
Дақтың үстіне тіс жууға арналған ұнтақты сеуіп, 2-3 сағатқа қалдырыңыз. Артынша ұнтақты щетканың көмегімен кетіріңіз.
Қызыл шарап
Жаңа түскен дақты ыстық судың көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны, дақтың тура үстіне ыстық су құйыңыз.
Жібек пен жүн матадағы сүт пен сорпа дағы
4:4:1 есебінде мүсәтір спиртін, алма сірке суын және тұзды араластыру арқылы қоспа әзірлеңіз. Артынша дайын болған қоспаның көмегімен дақты жуыңыз. Мата кепкен соң жақсылап үтіктеңіз.
Шырын
Жарты стақан суға 1 шәй қасық сутек тотығын қосып араластырыңыз. Аталған қоспамен дақты сүртіп, суық сумен шайыңыз.
Ерін далабы
Дақтың үстіне бураны (техникада, медицинада қолданылатын борлы қышқыл натрий) себіңіз. Артынша щеткамен немесе шүберекпен тазалаңыз. Матаны сабынның көмегімен жуып, жақсылап шайыңыз.
Консервілер
Даққа ұнтақталған сабын немесе тіс жууға арналған ұнтақ сеуіп, бір түнге қалдырыңыз.
Балауыз
Балауызды матадан алып, дақтың үстіне дымқыл шүберек жабыңыз. Шүберекті дақ кетпейінше ауыстырып, бірнеше рет үтіктеңіз.